Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді

Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді

23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді.

Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б. жастар қатысады деп күтілуде.
Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады. Іс-шара барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады. Спикерлер ретінде әртүрлі салалардағы жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасайды. Мәселен, танымал кәсіпкерлер, стартаптар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет саласындағы мамандар сөз сөйлейді деп күтілуде.

«Өскен өңір» ақпарат.
22 қаңтар 2019 ж. 1 349 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 112

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031