Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар

Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар

Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚР МСМ Баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, Жастар Кеңесінің Төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлының 2 мамырдағы бұйрығымен Жастар Кеңесінің төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ал Кеңестің хатшысы болып Қазақстан жазушылар одағының Астана қалалық филиалы директоры Бауыржан Қарағызұлы бекітілді.
Естеріңізге сала кетсек, ұлттық әдебиетімізді және ақындық өнерді қолдау мен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылған болатын.
Жастар кеңесі – өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері: жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру; жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, ассоциациалар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу; жастардың түрлі заманауи форумдарға, конференцияларға, жиындарға қатысу және Министрліктің шешімдерін талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып жұмыс жасау, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын және тағы басқада жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау; шығармашылық қайраткерлермен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді.
05 мамыр 2018 ж. 1 090 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930