Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ

«Жасыл ел» – тек тазалықты сақтап қана қоймай, достық ортаны да қалыптастыруға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мекен. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы ретте аянбай еңбек етіп, туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе,еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ.
Жобаның мақсаты – елді мекен ішін жасыл желекке көмкеріп, туған жерге деген патриоттық сезімін арттыра отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Жасақ мүшелерінің басым бөлігі студенттер. Жазғы демалыста бос уақытын тиімді өткізіп, оқу ақысына тамшыдай болса да теңге табуға мол мүмкіндік. Бұл мемлекеттің ел ертеңіне деген үлкен қамқорлығы. Уақыт өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттердің, жалпы жастардың қатары артып келеді. «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Қай дамыған мемлекетті алып қарасаңыз да, жастардың белсенділігі өте жоғары. Бар шаруа жастардың жұмыла қатысуымен бітетіні белгілі. Сол себептен бізде еліміздің гүлденуі, озық мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Бұл бағдарламадағы басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтау ғана емес, жастардың тәрбиесі мен оларды еңбекке баулу. Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы – жастарды еңбекке тарту. Телефонға шұқшия қарап отырғаннан, аянбай тер төгіп жұмыс істеген абзал.
Жасыл елде еңбектеніп жүрген жастар бүгінде көшелерді, арық бойларын тазалап, қураған ағаштарды кесіп, әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетеді. 2005 жылдан бері «Жасыл ел» жасақтары елімізді көгалдандыруда табысты еңбек етіп келеді. Солардың қатарында ауданның жастары да жазғы демалыстарында туған жердің гүлденуіне атсалысып, нәпақа тауып белсенді жұмыс істеуде. Аудандағы жағдайды білу мақсатында біз жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдешовке хабарласып, мән-жайды сұрадық.
– «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде жарқын істерді жүзеге асыруда. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi пайдаланып, туған өлкесіне қызмет жасауда. Бiр жағынан ауданды гүлдендiруге, көгалдандыруға атсалысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып отыр. Шиелі ауданының жұмыссыз жастары, демалыстағы студенттер мен жоғары сынып оқушылары маусымдық жұмыспен айналысып, мемлекеттік қолдауға ие болуда. Жасыл елдің алғашқы легі маусым айының 3-і күні басталып, қазіргі таңда 14 жас тынымсыз еңбектенуде. Бүгінде кент орталығындағы көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы шілде, тамыз айларына жұмыс істеуге ниет білдіруші барша жастарды тіркеп, тізімге аламыз, – деді ол.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
17 маусым 2024 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031