ХАБАР ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық «Хабар» телеарнасы «Ел іші» ақпараттық-танымдық тележобасының журналистері жексенбі күні Шиелі ауданында болды.
Түсірім тобы Шежірелі мекен Шиелі ауданындағы кәсіпкерлік пен іскерліктің иіріміне машықтана білетін, кәсіпкерлігі өркен жайған Бәйтерек ауылындағы бірнеше нысандарды аралады.
Түсірім тобы Шежірелі мекен Шиелі ауданындағы кәсіпкерлік пен іскерліктің иіріміне машықтана білетін, кәсіпкерлігі өркен жайған Бәйтерек ауылындағы бірнеше нысандарды аралады.
Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесетін кәсіпкерлік саласы екені белгілі.
Бәйтерек ауылының азаматы Қанат Мұсаевтың тәулігіне 2 тонна қызанақ пастасын шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Қ. Мұсаев отбасылық кәсіптің көзін тауып, қажырлы еңбектің арқасында қызанақ өнімінен «томат» пастасын өндіретін цех ашқан.
Түсірілім тобы «Бәйтерек» ауылындағы жеке кәсіпкер Мұрат Халиевтің «Жаннұр» құрт өнімдеріне мен жеке кәсіпкер Тлеубаев Даниярдың «Темір бұйымдарының
Шеберханасына, тігінші Нұргүл Бақымованың «Аниматор қызметі» жұмыстарымен танысты.
Журналистер «Бизнестің жол картасы 2020-2025 бағдарламасы» бойынша соғылған Бәйтерек ауылындағы «Бастау жабық жүзу бассейніне бас сұқты.
Жаздың ыстық күнінде бұл орынға бала-шаға, адамдар барып, мәз-мәйрам болып, суға түсіп жатады. Ал, қысы жазы қызмет көрсететін жабық бассейн құрылысы шындығында көпшілік үшін қажет дүние.
Спорт кешені суды жылытатын және тазартатын ең соңғы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Үлкен бассейннің көлемі 12х25 метр, тереңдігі 2 метр. Кіші бассейін 9х5 метр, тереңдігі 1 метр болады. Ол барлық стандарттарға сай жасалған.
Түсірілім тобы әлеуеті төрге, өндірісі өрге озған Шиелі ауданының елді мекендеріне қызыға да қызғана тамсанып, бір күндік сапарларын керемет көңіл күймен өткізді.