ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Айта кетейік, 2023 жылы Ұлттық жоба аясында Шиелі ауданында 3 амбулатория пайдалануға берілсе, соның бірі дәл осы Бала би ауылында салынған болатын.
Сонымен қатар, халық қалаулылары 2023 жылы Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданында кезектілікке сай азаматтарға пайдалануға берілген 18 пәтерлі 4 тұрғын үйге барып, тұрғындарының хәл-жағдайын білді, үй иелерін баспаналы болуларымен құттықтады.
Іс-сапар барысында Парламент депутаттары Байсын ауылында салынған 250 орындық мектептің де жұмысымен танысып, ұстаздармен дидарласты, әрі ауыл ақсақалданының ақ батасын алды.