Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент депутаттары Жалағаш ауданына барды

Парламент депутаттары Жалағаш ауданына барды


Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін ҚР Парламентінің депутаттарыР.Рүстемов, А.Әлназарова, М.Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Есет батыр ауылындағы жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында Жалағаш ауданында 2 амбулатория пайдалануға берілді. Бүгінде ауыл халқы жаңа нысанның игілігін көруде.
Сонымен қатар, халық қалаулылары Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысы тұралап тұрған нысанның уақытылы аяқталуын бақылауға алатындарын жеткізді.

Іс-сапар барысында халықтың талап тілегіне құлақ асып, маңызды деген мәселелерді түртіп алып жүрген ҚР Парламентінің депутаттары Жалағаш аудандық медицина саласының қызметкерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

Өз сөзінде Ақмарал Әлназарова сала мамандарымен кездесу барысында халықтың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатындағы аудандық жаңа емхананың тұрғындар үшін қолжетімді мүмкіндік екенін айтты.

Сондай-ақ Руслан Рүстемов халықтың билікке ашық ойын жеткізе алуы үшін қабылданып жатқан өзгерістер мемлекетіміздегі ашықтықты арттыратынын жеткізді.

Аудандар мен ауылдық округтердегі өткізілген кездесулердің негізгі жемісі алыстағы ағайынның күрмеулі мәселелерін мінберде қозғап шешімін табу екенін айтқан Мұрат Ергешбаев, Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.
05 қаңтар 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930