Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

 Аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы Бәйтерек ауылдық округіндегі «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейн жұмысының барысымен танысты. 
Аталған сауықтыру кешені 2018 жылы пайдалануға берілген болатын. Мұндағы үлкен бассейіннің ұзындығы 25, ені 12 метр. Ал кіші бассейін 9х5 метрді құрайды. Ауыл ішінде салынған бассейн барлық стандарттарға сай етіліп жасалған.
Жеке кәсіпкер Ғ.Ерекеевтің тарапынан іске асқан сауықтыру кешенінде жаттығу және теннис залы бар. Сонымен қатар демалыс орны, үлкен және кіші жүзу алаңы, массаж бөлмесі, асхана, монша бар. Сонымен қатар, өңір басшысы Қ.Мүбараков тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған «Сасқұм» полигонында жасалып жатқан жұмыстармен танысып, тиісті тапсырмалар берді.
«Сасқұм» полигоны Шиелі кентінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме, өндірістік кәсіпорындар мен жеке тұрғын үйлердің тұрмыстық қатты қалдықтары мен күл-қоқыстарын тасып шығару мақсатында қызмет көрсетеді. Полигонда жүргізіліп жатқан жұмыстармен мердігер Е.Жеңсікбаев таныстырды. Аймаққа бейне бақылау камерасы орнатылып, күн батареясымен (жарық) қамтамасыз етіліп, қоршаумен қоршап, күзет қойылғандығын айтты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 ақпан 2021 ж. 352 0