Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәсіпкер 10 млн теңгеге «Тағзым алаңын» салып берді

Қызылордада кәсіпкер 10 млн теңгеге «Тағзым алаңын» салып берді




ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында Сыр өңіріне белгілі кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев 10 млн теңге қаржылай демеушілігімен «Тағзым алаңын» салып берді, дп хабарлайды ҚазАөпарат тілшісі.
Бұл игілікті шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, аймақ басшысының тікелей бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған.
«Қарауылтөбе ауылдық округінен Екінші дүниежүзілік соғысқа 68 майдангер аттанса, олардан 25 жеңімпаз елге оралған екен. Өкінішке орай, 43 боздаққа туған жердің топырағы бұйырмады. Бүгінгі бұл тартуымыз - сол кісілердің алдындағы азаматтық борышымыз», деді С. Алшынбаев
Ауыл орталығындағы 8 сотық аумақта орын тепкен «Тағзым алаңында» 68 майдангердің және сол жылдарда елеулі еңбек еткен 13 тыл ардагерлерінің есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылған.
 Әділжан Үмбет


21 мамыр 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930