Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір азаматтың міндеті

Әрбір азаматтың міндеті

Сыбайластыққа қарсы қолданып жатқан амал-тәсілдердің көптігінің арқасында жемқорлық барған сайын азайып жойылып келе жатыр. Бірақ мемлекетті жегідей жеген жаман әдет мүлдем жойылар емес.
Қазіргі кезде істелген шаралардың нәтижесінде жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың төмендеуіне қол жеткізді. Жемқорлық көріністердің ішінде бюджет қаражатын иемдену және ұрлау жиі қайталанады. Мемлекеттік органдардың қызметіне тәртіптік кеңес жоспарлы тексеріс жүргізіп келеді. Кез келген жемқорлық көріністері мекеме беделіне үлкен нұқсан келтіреді.
Жемқорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу орталығымен дайындалған еліміздегі жемқорлықтың себептері, болжамдары және жағдайы туралы болжамдар жасалуда, осыған байланысты мүдделі органдарға әртүрлі ұсыныстар енгізілуде.
Елбасының жемқорлыққа қарсы күрес форумында алға қойған тапсырмаларына сәйкес республиканың аймақтарында жемқорлықты болдырмау бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар жұмысының жағдайына талдау арқылы сыбайластарға қарсы жұмысты одан әрі жалғастыра бермек. Алайда, оған ел болып жұмыла кіріспесе сыбайлас сырқатын жойып тастау сөз жүзінде қала бермек.

Ғ.Пұсырманов,
Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы.
16 мамыр 2018 ж. 952 0