ҒАСЫР ІНДЕТІН БІРГЕ ТОҚТАТАЙЫҚ
Ә.Тәжібаев ауылындағы №214 мектепте оқушылар арасында АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында жауапты мінезқұлық қалыптастыру мақсатында кездесу өтті. Оны аталған мектептің мейірбикесі ұйымдастарған.
Алдымен іс-шара барысында сөз алған ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі аудандық филиалының меңгерушісі Жұлдыз Темірбекқызы АИТВ/ЖИТСтің облыс, аудан бойынша эпидемиологиялық жағдайына шолу жасады. Одан соң ЖИТС орталығының маманы Балабек Парманқұлов «АИТВ/ЖИТС деген не?, АИТВ қайдан шықты?» деген мәселелерге тоқталып, оның жұғу жолдарын, алдын алу шараларына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Келесі кезекте мектеп аяжаны Зарина Туленова саламатты өмір салты, жауапты мінез-құлық тақырыбында шағын дәріс оқып, біршама түсініктер беріп өтті. Мәселен, кез келген адам кейде шалыс басып жаман әдеттерге беріледі, бірақ жіберілген қателіктің орнын толтырмақ бар. Әрбір адам дер кезінде өз қателігін түзете алса, бұл дегеніміз жауаптылықты сезіну болып табылады. Жиын соңында арнайы үнпарақтар таратылды.
«Өскен өңір» ақпарат