Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауылда да дамыл таппайды

Дауылда да дамыл таппайды

Қарапайым еңбегімен күн сайын қоғам тынысына игілік дарытып жүретін, онысы әсте көзге түсіп, көпшілік көңіліне елене бермейтін мамандық иелері болады. Міне, осындай кәделі мамандықтың қадірін асырып жүрген жандардың бірі – Нұрдәулет Бақытғалиев.
Ол алғашқы қадамын аудандық электр торабы мекемесінде 2021 жылы №1 тарату тораптары бригадасының электромонтері болып бастайды. Қателікті кешпейтін мамандық иесі 2 жылдық тәжірибесінде толыға түскен. Бастапқыда кейіпкерімізбен тілдесу үшін жұмыс орнына да іздеп барғанбыз. Алайда жұмысы қауырт Нұрдәулет бағана басында жарықтың желілерін жөндеп жатқан жерінен көріп қалдық. Биік бағана басындағы маманның әр ісі қауіпсіздікті талап етіп тұр. Десек те, әбден өз ісіне ысылған Нұрдәулеттің әр қимылы нық. Тілдесуге төмен түскен ол:
– Өткен аптадағы 3 күндік боранды желде қалта телефонымызға тыным болмады. Үзілген желіні жалғап, байланған сымды қалпына келтірдік. Аллаға шүкір өзім таңдаған жұмысым болғандықтан, оны еш қиынсынбаймын. Бас­тысы адал еңбекпен тапқан асымның берекесі бар, – дейді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
22 желтоқсан 2023 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031