Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуат көзін кідіртпеген шебер

Қуат көзін кідіртпеген шебер

Қоғамда қандай мекеме мен кәсіпорынды алсақта электр жарығынсыз жұмыс тындыра алмайтыны анық. Барлық үйдің тыныс-тіршілігін жарық жүйесінсіз елестету өте қиын. Күнделікті тұрмыста кездесетін электр сымдарының тұйықталуы мен кейбір түйіткілдер үшін де электрик маманының көмегіне жүгінетініміз жасырын емес. Бізге Бұл қарапайым мамандықтардың біріндей көрінетіні рас. Ал Шын мәнінде, олай емес. жауапкершілігі күшті, қызығы мен шыжығы мол, аса сақтықты талап ететін қауіпті мамандық.
Электр-механик 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған мамандық. Бірден халық арасында кең танылды. Бала кезімізде биік бағандардың басына өрмелеп бара жатқан ағалардың ісіне қызығушылықпен қарайтын едік. Әсіресе олардың аяғына киіп алған темір қысқыш қоңыздың аяғындай қызық көрінуші еді. Бағанның басына өрмелеп шығып алған олардың ісін ерлікке балап, таң қалып, ағашқа солар құсап еліктей өрмелеп жүретінбіз. Иә, бұл мамандық иелерінің еңбегі ерен. Егер бір сәтке электр жарығын сөндірсек, әлемде 85 проценттен астам саланың жұмысы тоқтап қалады екен. Біз осы істің нағыз маманына айналып, бар уақытын сүйікті ісіне жұмсап жүрген Қанат Мұстафаевпен әңгімелескен едік. Ол Ә.Тәжібаев ауылында 1973 жылы дүниеге келген. Бала кезден екі сымды бір-біріне жалғап, тоқ бағандарының жұмысына ерекше қызығатын ауыл баласы Қызылорда облысындағы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық коледжінің «Электрик-механик» мамандығына оқуға түсіп, электр бағанасындағы сақтық шараларын үйреніп, электр тоғынан қалай сақтану керектігін толықтай тәжірибе жүзінде меңгеріп, осы қиын мамандыққа машықтанды. Алғаш еңбек жолын Алматы облысындағы «Көк Төбе» қосалқы станцияда электр-механик болып 2 жылдай жұмыс атқарып, отбасына байланысты өзінің туған жеріне оралады. Қазіргі кезде «Бестам» 35/10 қосалқы станциясының кезекші монтері болып жұмыс істейді. Іскер де қабілетті азаматтың еңбек өтілі 17 жылдан асқан. Бала кезінен бойына дарыған еңбекқорлық оны биіктерге қарай жетелей түскен.
Жарықсыз күніңіз қандай болмақ, ойланып көріңіз. Үйіңіз қараңғы, жылу жоқ, барлық мекемелердің жұмысы тоқтап, байланыс үзіледі. Осындай аяқ асты орын алған тосын жағдайда Қанаттай қарапайым электр маманының көмегіне жүгінетініміз рас. Қанаттың әрбір айтқан сөзі мен әңгімесінен мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігі мен адалдығы айқын байқалады. Мен «Бұл мамандықта білім алғаныма еш өкінбеймін. Шүкір, өзім қалап түскен мамандық болғандықтан, қуат көзін үнемі қадағалап, біреудің шаңырағын жарқыратып, жарық сөнбеуін бақылап отыру басты міндетім санап, көмек сұраған әрбір адамға қолымнан келгенді аямаймын», – дейді Қанат. Тіпті, әрбір жұмысы үшін жұрттан артық ақы талап етпейтін, разылығымен бергенін ғана алатын, жүрегінде жылылық ұялаған азамат. Көбінесе, жиі қайталанатын ақаулардан электр апаты болып, жарық сөніп, ауыл тұрғындарын әбігерге салатыны жасырын емес. Осындайда Қанат қауіп-қатерге қарамастан, көмекке келіп электр сымының үзілген жерін тауып жалғайды. Аса еңбекқор, өз ісінің шебері атанған жігерлі жігітке ауылдастары құрметпен қарайды. Бүгінде мектеп қабырғасында жүргенде электрик болуды армандайтын жастар некен саяқ. Әрбір үйдің қан тамыры іспеттес болған электр жүйесінің тетігін білмесең, келеңсіз жағдайларға әкеліп соғары тағы бар. Сол себепті көпшілік жастар бұндай қиындығы мен қауіптілігі жоғары кәсіпке көп жолай бермейді. Сондықтан электрик мамандығын жеңіл кәсіп деп қарауға болмайды. Ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті қуат көзін кідіртпей, оның мүлтіксіз жұмыс істеуін қадағалап, көпшіліктің алғысын алып, құрметке бөленген еңбекқор жанның жұмысы ойланып қараған адамға оңай көрінбейтіні анық.

Шапағат Тілеубаев
16 ақпан 2021 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930