Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл - ұлт жүрегінің бір бөлшегі

Тіл - ұлт жүрегінің бір бөлшегі

 Тіл-ұлт болашағы - TURANINFO.KZ   Қазір елімізде рухани жаңғыру мәселесіне ерекше мән беріліп жатқаны белгілі. Қазақ халқының негізгі рухани құндылықтары тілі арқылы қалыптасып дамыды. Тіл ұлт жүрегінің бір бөлшегі. Тілді қасиет деп түсінбейінше, оның алдындағы қызметте айтарлықтай салмақ та болмайды. Қазір әлемді «жаһандану үрдісі» қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Бұл әрбір халықтың ұлттық мәдениетіне, оның мазмұнына айтарлықтай кері ықпал етеді.
   Біз тарихы терең ел екенімізді әлемге танытуға тиіспіз. Әлбетте, оның барлығы тіл арқылы, өнер мен мәдениет арқылы жүзеге асады. Құдайға шүкір, біз мұндай құндылықтардан кенде емеспіз. Ең өкініштісі, солардың барлығын түп-түгел меңгеріп, толыққанды танып, біле алмай келе жатқанымыз Бәріне уақыт керек. Ең бастысы – дұрыс ұйымдастырылған, түп нәтижесі баянды болатын кешенді шаралар қажет. Бағыты айқын ел, бүгін не істейтінін, ертең қандай қам-қарекет жасайтынын қапысыз білетін ел уақытша қиындықтарға мойынсұнып, бағытынан жаңылып қалмасы анық. Кейде еріксіз ойланасың, неліктен әлемдегі кейбір халықтардың тілдері соншалықты танымал, көптеген тілдердің ішінде дара тұр деп. Бірақ мұның анау айтқандай көп құпиясы немесе сыры жоқ.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Тіл – қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл-біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы.
Г.С.Косжанова
Шиелі аудандық сотының бас маман
сот отырысының хатшысы
08 желтоқсан 2023 ж. 164 0