Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы мұрат жолындағы басқосу

Ұлы мұрат жолындағы басқосу



Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласы рухани жаңғыруымыздың жалғасы екендігін сезініп, халық қызу қолдауда. Маңызды бағдарлама жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды етпек. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктеп, ұлы мақсаттарға жетелейді. Осындай ортақ пікірді ұстанғандар түнеу күні аудандық мәдениет үйінде кеш өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов тізгінін ұстаған жиынға кент тұрғындары қатысты. Алдымен шараның құр­метті қонақтарын таныстырған Б.Лепесұлы жиынның мақсатына тоқталды.
Ұлы даланың жеті қыры. Ма­қалада жарияланған 6 ірі жоба тарихи сананы жаңғыртуға үл­кен сеп. Өйткені, өткенді түген­деп, болашақты бағамдау – ел болашағын жарқын етеді. Тақырып аясында өткен басқосудың мәні де осы. Өз кезегінде сөз алып, ортаға озған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіхалықова:
– Бұл мақала біздің тарихымыз бен болашағымызды байланыс­тырып, қазіргі таңдағы өркендеу, жаһандану заманында біздің өтке­німіздің барлығын насихаттайды. «Ұлы даланың жеті қыры» қазақ елі ұрпақтарының рухани санасына әсер ететін маңызды тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз. Сонау замандардағы ұлы дала төсінде пайда болған бабалардан келе жатқан ұлттық мұраларымызды, мә­дениетімізді терең тануға жаңа қырынан ұлықтауға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер берді. Жасампаз идеямен астасып жатқан мәні бар мақала әсіресе, өнер қауы­мының шабытына қанат бітіреді деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде елімізде мәдениеттің қай саласы болсын дамып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Біз өмір сүріп отырған жаңа ғасырда жаңа инновациялар арқылы дамытуымыз қажет. Елбасы мақаласында атап айтқандай, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы аясында мәдениетіміздің сарынында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемге дәріптеуге тиіспіз. Әрине, мұндай маңызды міндеттер тек бүгін бір күн ішінде емес, алдағы уақытта рухы биік жастарымыз өне бойы жал­ғастыруы тиіс, – деп өз ойын әріден сабақтады.
– Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қа­­ла­сының мағынасы мен мәні белгілі. Қазақтың ұлттық дәстүрі терең қамтылған. Дамыған заманда түбін терең білетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет үшін басты міндет. Маңызды мақала руханиятымызды жаңғыртуға жағдай жасайды. Бұл ретте, ұлы даланың жеті қырын жастардың жетесіне жеткізіп түсіндіру қажет-ақ. Еліміздің ұлан байтақ жері мол қазынаға толы әрі бастау бұлағы десек асыра айт­қандық емес. Мақалада келтірілген деректер мен дәйектер, құндылықтар мен мәдени мұралар ұлтымыздың әлем өркениетіндегі орынын айшықтауға бағытталған ауқымды қадам болды деп ойлаймыз. Мақалада түркі әлемінің генезисі туралы кеңінен қозғалған. Қазақстан Президентінің бастамасымен қайта дүниеге келген «Мәңгілік ел» мұратының да негізгі өзегі – ұлы дала елін түркі халықтарының ата жұрты ретінде қабылдауға негіздеу, тамыры терең ұлттық мәдениеттің сақталуын және дамуын қамтамасыз ету, – деп тереңінен қозғаған аталған орталықтың бөлім басшысы Нұриман Бекарыс тақырыптың жік-жігін ажырата түсіндірді жұртшылыққа.
Иә, ұлы дала ұлағаты ұлы мұрат­қа жетелейді. Алқалы жиында Ел­ба­сының мақаласында жазылған ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру төңірегінде мағыналы ойлар айтылды, сұрақтарға тұшымды жауаптар да берілді.
22 желтоқсан 2018 ж. 1 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930