АУЫЛ БАЛАЛАРЫ ҮЙІРМЕГЕ ҮЙІР
Жуырда Ш.Қодаманов ауылдық мәдениет үйінде үйірме мүшелерімен және мәдениет үйінің жанынан құралған «ART life» үйірмесі бірлесе отырып, «Үйірменің үйретері көп» атты аудандық семинар өткізді. Аталған кешке ауданға қарасты елді мекендердегі клубтардың директорлары қатысты.
Семинарға келген қадірлі қонақтар сөз алып, барша ауыл тұрғынына ыстық лебізін жеткізді. Жиын үйірме мүшелерінің өз өнерін көрсетуімен басталды. Атап айтар болсақ, бейнелеу өнері мен қол өнер үйірмесінің мүшелері өз өнерін көрермендерге көрсетіп таң қалдырса, ән үйірмесі мен би үйірмесінің мүшелері де өнерден қалыс қалмай, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Баланың байыпты да байсалды, сабырлы да салмақты, білімді де білікті болуы бастапқы тәрбиеден бастау алса керек-ті. Сондықтан тал бесіктегі тәрбиеге қосып тіршіліктің де тетігін үйреткен абзал.
– Ауыл балалары өнерге етене жақын. Бұл бізді қуантады. Шеген Қодаманов ауылындағы «ART life» орталығын 2021 жылы 14 желтоқсанда жеке кәсіпкер «Искакова» ашты. Аталған өнер орталығы қазіргі таңда өз деңгейінде жұмыс істеп, айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. Оған дәлел – үйірме мүшелері өткен жылы түрі байқауларға қатысып жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ, қатысушылар халықаралық, республикалық, облыстық додаларда көш бастап, жүлделерді қанжығасына байлап келеді. Әр үйірменің үйретері, балаға берер білімі, тәрбие мен тағылымы бар. Тек баланың бейіміне қарай бетбұрыс жасаған жөн, – дейді ауылдық мәдениет үйінің директоры Баян Арыстанова.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, балаға дер кезінде бағдар беріп, қабілетін анықтаған ата-анасы болса, үйірмеде жетекшілік ететін ұстаздардың да еңбегі зор. Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала тәрбиесіне өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік. Арманы асқақ, мақсаты айқын ауыл балаларының үйірмеден үйренері көп.
«Өскен өңір» ақпарат