Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға арналған жиын

Жастарға арналған жиын


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына және «2019 – Жастар жылына» орай Н.Бекежанов ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Жастар – игі өмірдің бастауы» атты жиынға кітапхана ішіндегі «Сөз маржаны» көркемсөз үйірмесінің мүшелері және ауыл жастары қатысты. Жастар арасында Сандуғаш Ергешбай, Жақсылық Бейбарыс, Ақзияш Орынбасар өз пікірлерін білдірді. Ал, Н.Бекежанов үйірмесінің домбыра жетекшісі Клара Жақсылыққызы Құрманғазының күйі «Адайды» орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Жиын соңында кітапханашы С.Сейтжанова келушілерді тақырыпқа сай кітап көрмесімен таныстырып, жалынды жастарға сенім білдіріп, дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс хат табыстады.

Б.БӘЙІМБЕТ .

02 наурыз 2019 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31