Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесіктен өсіп әлдимен, шашу шашты ән-бимен

Бесіктен өсіп әлдимен, шашу шашты ән-бимен


Жастар – еліміздің қозғаушы күші, келешектің кепілі. Әсіресе, өнерлі, білімді жастардырдың халыққа тигізер пайдасы зор. Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп бекер атамаса керек.
Бұл бастама қоғамға, қазақ еліне тың серпіліс пен оң өзгерістер алып келеді деп сенеміз. Оларға қолдау білдіріп, жұмысын жандандырып, биіктерге ұмтылуға жағдай жасалса, ел үшін аянып қалмасы анық. Әрбір ауыл, аудан, қала жастары бес саусақтай бірігіп, жұмылып жұмыс атқарса, алынбас асу, бағынбас белес жоқ. Елбасының бас­тамасына Еңбекші ауылы да қолдау білдірді. Ауыл жастары арасында «Өнерлі жастар өрге жүзер» атты ән, би сайысы ұйымдастырылып, керемет демалыс сыйлады. Шараға аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Н.Сапарбаев пен ауыл әкімі аппаратының бас маманы Т.Байдүйсенов қазылық етті. Көрермендердің, әділ қазылардың көңілінен шыққан Сымбат Өскенбай, Қазына Көгенбай, Ұлту Ғаниқызы, Қарақат Мырзахметовалар үздік деп танылды. Бұл жастар жылында жасалған алғашқы қадам. Алдағы уақытта ауқымды, жастарға пайдасыы мол игі шараларды көретінімізге сенім мол.

Бекжан Ержігіт.
02 ақпан 2019 ж. 1 759 0