Жастар жылы – жасампаздық бастауы

Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек. Ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі. Биыл ауылдағы жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалмақ. Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, биылғы жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай. Еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!