Су байлығын қорғау – басты міндетіміз

«Шах» шаруа қожалығы иелік ететін, «Қалғандария» көлін облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы арқылы келісім-шартпен дамытуды қолға алдық. Міне, содан бері басқарма бекіткен міндеттемелерді орындап, су айдындарын сақтауда жұмыс істеудеміз. Ондағы табиғат байлықтарын ұдайы назарда ұстап, шаруашылық қорықшысы көл аумағын браконьерлерден қорып келеді. Өйткені жылдың төрт мезгілінде де балық аулаушылар қытай ауын қолданып, онымен қоймай, токпен ұру арқылы электр құрылғысымен аулап, зиян тигізуі әбден мүмкін.
Басқарма бекіткен белгілі міндеттемелердің ішіне бұдан өзге де көп шаруа кіреді. Мысалы, көлді тереңдету, су қорын қалыпты ұстау, қатты өсімдіктерді шабу, шабақ қорын көбейту, олардың дамуына жағдай жасау, табиғи уылдырық шашу кезінде жайластыру, т.б. Қыс кезінде мұзды ойып, балықтың қырылмауына жол бермеу де біздің міндетке кіреді. Сондай-ақ жыл сайын күріш егістігінде қалған шабақтарды өзіміз құтқарып, көлге әкеліп салып отырамыз.
Біздің шаруа қожалығының басты мақсаты – жайылымдық жерге кірігіп жатқан өзімізге тиесілі көлдың қауіпсіздігін сақтау. Сондай-ақ ондағы балық қорын көбейту арқылы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да үлкен күш саламыз.
Аманкүл Смаилова