Ардагерлер алғысқа бөленді
Теміржол – ел экономикасының күретамырына айналған маңызды саланың бірі. Расында, түсінген адамға темір жолдың қиындығы көп ауыр жұмыс. Әр іс тиянақты орындалуы керек. Уақыттан ауытқымай, межелі жерге көрсетілген мерзімде жету үшін теміржолшылардың тынымсыз еңбек етуін ерекше айтып кетейік. Әсіресе осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлердің орны ерекше.
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ғибратты сөз бекер айтылмаса керек. Бүгінде әр шаңырақта тәлім-тәрбиесін беріп, ақылын айтып, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет. Әсіресе, сан жылдар бойы бейнет пен зейнеттің жолын көрген ардагерлерімізді әрдайым бағалауымыз қажет.

Осы тұрғыда аудан әкімдігінің қолдауымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Мәселен, жақында өткізілген «Қарттар асыл қазынам» атты жиында теміржол саласының ардагерлеріне алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілер табысталды. Осындай игі істер үшін сала мамандары аудан әкіміне орасан ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, теміржол саласының қызметкерлері де аудандағы іс-шараларда белсенділік танытып жүр. Оны жуырда ғана теміржол тораптық Әйелдер кеңесі төрайымы қызметіне кіріскен Маржан Садуақасованың жұмысынан аңғаруға болады. Мәселен, «Алтын күз – 2023» мерейтойына да теміржолшылар ұйымшылдық танытып, киіз үй тігіп, мерекелік кешке үлесін қосты. Сондай-ақ жылағанға демеу көрсетіп, құлағанға тіреу болып қайырымдылық істерден қалыс қалған емес.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ