Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Жұма күні Досбол ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен 1 – қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті.
Іс-шара барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Дайрабай Сармолдаев пен әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Нәлібаева сөз кезегін алып, мерекелік шараны ашып берді. Сондай ақ Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Гүлбарам Зарқұмқызы бірнеше ардагер аналарға төсбелгі беріп, сый-сияпаттар табыстады. Атап айтсақ, Ұлбосын Пірмаханова, Набат Ақпанбетова, Рсалды Омар, Құрбанкүл Ділмановаға кұрмет көрсетті.
Айтып өтейік, ауданның талантты әншілері мен Досбол клуб үй қызметкерлері ән шырқап, қарияларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар «Биле, биле» би тобының бишілері де келген қонақтардың үлкен қошеметіне бөленді.
Шараға келген ауыл тұрғындары, қазыналы қарттарымыз өз ризашылықтарын айтып, ақ батасын берді. Осындай игі шаралар көбейіп, келешек ұрпаққа насихаттап отыруымыз қажет.

Айнұр ИБРАШЕВА
04 қазан 2023 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30