ӘЛЕУМЕТКЕ ӘЛ БЕРЕТІН ЖОБА
Жақында қоғамдық көлікте ескі танысымды кездестіріп қалдым. Әңгімесінде айлығының шайлыққа жетпейтінін тілге тиек етті. Қандай да бір кәсіппен айналысу керектігін айтқан ол: «Өз-өзіңе жұмыс істегенге жететін не бар?! Бірақ қандай кәсіп ашарымды білмей жүрмін. Қаражат та қол байлайды. Ауданнан қандай бизнес ашуға болады?» деп сұрады. Негізі бұл ой мені де, сізді де мазалары мағлұм. Сонымен ауданда қандай кәсіп түрімен айналысуға болады? Бизнестің қыр-сырын қалай үйренеміз? Табысты кәсіпкер болудың жолы қайсы? Осы тағылеттес сауалдар сізді де толғандырып жүрген болар. Ендеше, осы сұрақтар бүгінгі мақалаға арқау болмақ. Сонымен...
АУДАНДА 7302 КӘСІПКЕР БАР
Аудан экономикасының негізін құраушы – шағын және орта кәсіпкерлік әлеуеті. Бүгінде бұл бағытты дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау барынша қолға алынып, жеңілдіктер де қарастырылған. Аудандық кәсіпкерлік палатасының берген мәліметі бойынша, ауданда жалпы саны 7302 кәсіпкер тіркелген. Оның 4697-сі жеке кәсіпкер. Олардың ішінде сауда-саттықпен, шаштараз және әсемдік салондарымен, ауыл шаруашылығымен, кондитерлік өнім дайындап, наубайханашылықпен айналысатын кәсіпкерлер де бар.
АЛМАҚТЫҢ ДА САЛМАҒЫ БАР
Әрине, қайтарымсыз грант берудің пайдалы тұсымен қатар, байыптап ойлайтын қиындықтары да жоқ емес. Гранттар үміткерлер талабын үкілеп комиссияның алдына жеткенде әрқандай инновациялық жоба жергілікті жерде қолдау таба ма? Жоқ па? Өндірген өніміне сұраныс бар ма? Өзге бәсекелестерінің алдында табан тіреп тұра ала ма? Осындай сан сауал алдынан көлденеңдей кетеді. Жоба қорғаушылардың дені: «Тек ақша қолға тисе, керекті құрал-жабдығын сатып алып, тау қопарып, жер көшіремін» деп бас сұғады. Әйтсе де, бұл заман сөздің емес, істің дәуірі. Ыстық-суығын көріп, отымен кіріп, күлімен шығып, бір сүрініп, бір тұратын жұмыс барысынан өтпеген кәсіптің болашағы да баянды болмайтыны хақ. Елімізде өз кәсібімді дөңгелетемін деген жанға қашанда қолдау бар. Тиісінше бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып та келеді. Соның бірі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы». Оның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Шиелі ауданында да қайтарымсыз грант үлестіру қарқынды жүріп келеді. Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, биыл қайтарымсыз грант үлестіру 3 лек бойынша жүзеге асырылған. І легінде 37, ІІ легінде 37, ІІІ легінде 75 адам қатысқан. Олардың ішінде омарта шаруашылығы, сұлулық салоны, кондитер цехы, шағын наубайхана мен жылқы, мүйізді ірі қара, уақ мал шаруашылығы, тігін шеберханасы сынды бірнеше кәсіп түрі бар.
Жалпы өткен 2022 жылы 381 адамға оның ішінде, 183 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, 21 еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адам, 114 көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушы, 27 мүгедектігі бар балаға қараушы, 8 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушы, 28 тұрмысы төмен атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға жалпы 466 млн 801 мың теңге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. Ал биыл 149 азаматқа 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қайтарымсыз қаржы берілген. Оның ішінде 20 мүмкіндігі шектеулі азамат, 17 мүгедек балаға қараушы және 4 асыраушысынан айырылған азамат, 98 көпбалалы жәрдемақы алушы ие болған. Бизнес жобалардың 40-ы мал шаруашылығы, 28-і құрал-сайман алуға, 62-сі технологиялық жабдықтар мен 10-ы еңбек құралдарына арналса, 4-еуі құс шаруашылығына, 2-еуі жылыжай мен көшет егу болып табылады.
Өздеріңізге мәлім, жыл сайын жаңадан кәсіп бастағандар үшін жұмыспен қамту орталығы гранттық қаржыландыруға байқау өткізеді. Осы бағдарлама аясында жұмыс істейтін Жұмыспен қамту орталығының маманы Ақжол Мейірбекұлы осы бағдарлама арқылы көптеген жұмыссыз жүрген жандар өз-өздерін жұмыспен қамтып, бүгінде кәсіпкер атанғанын айтады.
– Бұл іргелі бағдарламаға биыл өзгеріс енгізілді. Мәселен, өткен 2022 жылы қайтарамсыз несиені алуға жастар мен әлеуметтік осал топтағы жандар қатысты. Ал биыл бұл бағдарламаға тек әлеуметтік осал топтағы жандар қатысуға мүмкіндік алды. Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар көп жағдайда елді мекенде тұрып, мал шаруашылығын дамытамын деушілерге беріледі. Ал қалалық жерлерде болашақ кәсіпкерлердің ұсынған жобасы ерекше болуы тиіс. Мысалы, биыл кептірілген жеміс өнімдерін дамыту, ұлттық ыдыстар өндірісі, сабын цехы осындай көмек алды. Бизнес жоспары ерекше, болашақта табысты болатын жобаларды ұсынатын жастарға қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік мол, – дейді А.Мейірбекұлы.
АУРУЫН ЖАСЫРҒАН ӨЛЕДІ
Жасырып қайтеміз, әлем желіні ашсаңыз болды «бизнес жоспар жасап беремін» яки «сертификат алып беремін» деген жарнамадан көз сүрінеді. Жарнама берушілермен клиент ретінде сөйлесіп едік сертификат алып берудің бағасы – 15 мың теңге, бизнес жоспар жасаудың құны 30 мың мен 50 мыңның арасында екеніне көз жеткіздік. Бұдан бөлек комиссия отырысынан өтіп, айың оңыннан туып, грант иегері атансаңыз, қосымша үстіндегі 100 мың немесе 200 мың теңгесін беруіңіз тиіс деген әңгіменің жұрт арасында желдей есіп жүргенін жасыру да орынсыз. Енді орташа есеппен есептеп көрейік. Комиссия отырысында кем дегенде 1500 адам бизнес идея қорғайды. Бизнес жоспар жасаудың орташа бағасы 40 мың теңге десек, заңсыз кәсіпкерлер 60 млн теңгені қалтасына басып отыр. Ал егер грантқа үміткердің бизнес жоспары қабылданып, қайтарымсыз қаражатты алса жақсы, алмаса ақшасы желге ұшты деген сөз. Жалпы бизнес жоспар жазу оңай дүние емес. Сол себепті «Бастау бизнес» ұйымы болашақ кәсіпкерлерді арнайы оқытып, сертификат табыстайды. Сабақ соңында бизнес жоспар жазудың бүге-шүгесі түсіндіріледі. Осылай білім алып, бизнеске қадам басуға ерінетіндер дайын асқа тік қасық болып, сертификатты да, бизнес жоспарды да сатып алуды құп көреді. Ақыр аяғында комиссия отырысына келіп, екі сөздің басын құрай алмай, комиссия мүшелерінің сұрағына жауап бере алмай, тұтылып қалады. Ең сорақысы, қайтарымсыз грантқа ие бола алмай қалса, комиссия мүшелерін кінәлі санап, сан сабалап, айқай-шу шығарады.

Газеттің өткен санында ғана «Мал терісі: Күл болғанша, пұл болсын» атты мақала жарыққа шықты. Онда көтерілген мәселе қазір шынында өзекті. Мал терісінің құны болмай, қойдың жүнін қайда апарарымызды білмей әлекпіз. Расында, Кеңес одағы кезінде Қазақстан қойдың жүні, терісімен-ақ шартарапты таңғалдырған. Сол күндер неге келмеске кетті? Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, қазір шетелдердегі киім-кешек өндірісімен айналысатын кәсіпорындар өзіндік құны жоғары қой жүні мен малдың терісінен гөрі, бағасы арзан синтетикалық материалдардан өнім өндіруді қалайды. Адамдар таза тері, майда жүннен өндірілген киім-кешектерді бағасына қарамай-ақ сатып алар еді, базардан таба алмайды. Демек, жүн мен теріні өңдеп, сапалы тауар өндірсек, сұраныс болады. Бірақ оны өңдеп, шикізат шығарып, саудаға салу мақсатында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттарға ұмтылғанмен, олардың өндіріс орнын ашуға рұқсаты болмағандықтан жобалары өтпей жатады. Керек десеңіз, біздің елде «тері мен қой жүнін өңдеуге болады» дейтін сертификат беретін оқу орны да жоқ. Ондай сертификаты жоқ адам, сол тірлікпен айналыса да алмайды.
«Ауруын жасырған өледі» деген бар. Мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттардың кейбірі телефон арқылы шешіліп жатады. Оны көз көріп, құлақ естіп жүр. Сондай грантқа қатысатынның көбі мықты-мықты орындықта отырғандардың жақыны болып шығатынын да жасырмаймыз. Соның салдарынан ауылдағы ағайын гранттан қағылып қалады. Ауыл аралап, жер шалып жүргенде кейбір ауылдастардың мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарды жаңалықтардан естімесе, бірде-бір тұрғыны грант алып немесе грантқа қатысып көрмегенін көп естиміз. Ең қызығы, жетім-жесір, көпбалалы ана, тұрмысы нашар отбасыларға бағытталған гранттарға астында жүйткіген көлігі, басында үйі, күніне табыс әкелетін жұмысы бар азаматтардың таласып жататыны да шындық. Ынсап қайда?
Сөз соңы: Кәсіп ашып, нәсібін көрем деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көп екенін айтып келеміз. Айта да береміз. Ол үшін біріншіден, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік ілімді тегін оқисыз. Екіншіден, сіз ұсынған жоба арнайы комиссия сүзгісінен кедергісіз өтсе, кәсібіңіздің алғашқы капиталына қаражатты мемлекет өзі береді. Кәсібіңізді дамытқыңыз келсе, пайызы аз мөлшерде несие де қарастырылған. Тек кәсіп ашуға деген ынтаңыз, қиындыққа мойымас қайратыңыз және жұмысқа деген жауапкершілігіңіз болса жеткілікті. Бұл жазғанымыз да біреуге ой салар. Осыны оқып біреу аяқ тартар. Бастысы, бәрі әділ өтіп, қайтарымсыз грант мұқтажға бұйырсын.
Сұлушаш МАДИЯРОВА