Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОРҚАЛЫ ТОЙДАН ТӘБӘРІК

ТОРҚАЛЫ ТОЙДАН ТӘБӘРІК

Сыр өңірінің киелі мекені атанған Шиеліге биыл 95 жыл. Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған аудан жұрты мерейлі жылды өз деңгейінде атап өтті. Бұл тойда елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерейлі датаны шиеліліктер лайықты атап өтуді жөн көрді. Оған осы ауданда еңбек еткен ардагер аға-апалар мен аудан басшылары, осы мекеннен түлеп ұшқан азаматтар келді. Ауданның орталық стадионында ақшаңқан ақ боз үйлер тізбектей тігілді. Меймандарға арнайы дәм де берілді. Ауыл шаруашылық өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынып, әлеуметті марқайтып тас­тады. Тойға жиналған жұртшылық керемет көріністің куәсі болды.
Ерлігі мен есімі елге әйгілі қос батыр, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтанхан Төрениязовпен, оның жары, Социалистік Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдығына арналған «Өнерлі өмір» атты облыстық ақындар мүшайрасы өтті. Әрмен қарай кітаптың тұсаукесер рәсіміне ұласты. Бұл еске алуды естігенде ұл-қыздарының қуанышында шек жоқ. Ата-анасының ауылына сіңірген еңбегін дәрептеп, адал еңбегінің елге мысқылдай себі тисе, ол халықтың жүрегінде қалмақ.
Бәрін айтта, бірін айт. Киелі Шиелінің мәртебесін көтерген, қайсар жастардың еңбектерін паш еткен, намысын қорған жазушы Оразбек Сәрсенбайдың атына көше берілді. Әнші, жыршы Шолпан «Сырдың қараторғайы» атты сырнаймен орындайтын қыздар арасында республикалық байқауы да көптің көңілінен орын алды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген бар. Бұл жақсы адамдардың ризашылығы аудан халқының ынтымақ-бірлігіне, халық еңбегінің жемісті болуына, әр шаңырақтың бақыт нұрына бөленуіне, қазақ елінің бейбітшіл өмірін қауіп-қатерден сақтап, тыныштық өмірде болуына септігі тиеді деп ойлаймыз. Мұның бәрі ауыл халқының ымыра-бірлігімен өтіп отыр. Сөз жоқ, осындай ақеділ ағайынның барында ауданның шаруасы алға басары сөзсіз.

Пернеш ЖҮСІПОВА,
Шиелі ауданының Құрметті азаматы
06 қараша 2023 ж. 128 0