Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Егемендігім – елдігімнің белгісі

Егемендігім – елдігімнің белгісі

25 қазан – Республика күніне орай «Егемендігім – елдігімнің белгісі» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.
Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Салтанат Тілеубергенқызы, тарих пәні мұғалімдері, кітапханашылар, жас мамандар, №244 мектептің 11 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова сөз алып, Ауған-тәжік соғысының ардагері мен Желтоқсан оқиғасына қатысушы ардагерлерді мерейлі мерекесімен құттықтады.
– Республика күні өз мәнінде қайта аталып өтетін болғаны – ортақ қуаныш. Бұл жөнінде көптің толғанысты пікірлері оны мерекелеу мәні мен маңызын аша түсерлік дәрежеде болуы тиіс дегенге саяды. Оның түйіні ұлттық мереке сәтінде Қазақстан халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс. Қазақта «жақсы сөз – жарым ырыс» дейді, осы күні тілегіміз – түзу, ниетіміз – ақ, көңіліміз кіршіксіз қалыпта Отанымызбен мақтанайық, бірлігімізді нығайтайық, елдігімізді танытайық, бірге қуанайық. Ұлттық мерекені осылай ұлықтасақ ғанибет, – деді.
Мерекелік шарада Желтоқсан оқиғасына қатысушы Перизат Тұңғышбайқызы, Эльмира Шонабаева, Ауған соғысының ардагері Серікбай Берімбетов, Орынбай Көшербаев, Тәжік – ауған соғысының ардагері Ғафур Төлебаев, Бағдат Сейтов және №244 орта мектеп директоры Жұлдызай Рыспенбетова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арман Нұртаев, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Жұматова, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Салтанат Тілеубергенқызы марапатталып, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Шара соңында №244 мектептің 11 сынып оқушылары театрландырылған қойылым қойылып, ән мен биге ұласты.

Дархан Ғалымжанұлы
31 қазан 2023 ж. 289 0