Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлігі дастан, есімі мақтан – Монтаев

Ерлігі дастан, есімі мақтан – Монтаев

Жұма күні Ыбырай Жақаев ауылында Еңбек және соғыс ардагері, ұлағатты ұстаз Әлиакбар Монтаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлігі – дас­тан, есімі – мақтан» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Оған ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Сәрсенбек Әлиакбарұлы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Рахым ­Мауяев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайл, кент ардагері Болат Күлімбет, билер кеңесінің төрағасы Тұрмат Баймағамбетов, ауданның «Құрметті азаматы» ­Патыма Маханбетова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла ­Палымбет, аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет және Әлиакбар Монтаевтың ұрпақтары қатысты.
Аталған конференцияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерсұлтан Апетов арнайы қатысып, еңбек және соғыс ардагері Әлиакбар Монтаевтың елге жасаған еңбегіне тоқталып өтті.
– Киелі Шиелі топырағы ұлағататты ұлдар мен бар өмірін еңбекке арнаған жандардан кенде емес. Өмірден озғаннан кейін де халқының жадында жақсы мінезімен, әлеуетті әрекетімен, тындырымды ісімен есте қалу әрбір адамда бола бермейді, бұл – өшпес рухтың көрінісі. Мұндай үлгі «елге еңбек ету парызым» дейтін парасатты тұлғаға тән құбылыс. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, ұстаздың өзі еңбек сіңірген №149 мектепке есімі берілді. Сонымен бірге, білім ошағына бюсті қойылып, мектеп мұражайынан Ә.Монтаевқа арналған бұрыш ұйымдастырылды. Тұтынған заттары мен құжаттары қойылды. Ендігі жерде мектепке қадам басқан әрбір ұстаз өмірін өнегемен өрген жан жайында кең көлемде мәлімет ала алады, – деді.
Шара барысында ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісінің иегері Сәрсенбек Монтаев әкесі жайында естелікке толы өткен шаққа тоқталып, әкенің балаға берген тәлім-тәрбиесі турасында сөз қозғады. Сонымен бірге әкесіне арналған 100 жылдық мерейтойдың ұйымдастырылғаны әулет үшін үлкен құрмет екендігін айта отырып, аудан әкімдігіне, аудандық білім бөліміне, №149 мектеп ұжымына ерекше алғысын білдірді.

Дархан Байтілес
31 қазан 2023 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30