Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Судьялары сот жүйесі ардагеріне құрмет көрсетті.

Судьялары сот жүйесі ардагеріне құрмет көрсетті.

Шиелі аудандық соты мен Жаңақорған аудандық соты судьяларының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Шиелі аудандық билер кеңесінің төрағасы, сот жүйесінің ардагері Т.С.Баймағамбетов, Шиелі аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы А.К.Жолдыбаев, Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Т.Сарбасова, Жаңақорған аудандық аудандық сотының судьялары И.Ө.Тұңғышбаев және Э.И.Рысқұлов қатысты.

Іс-шара барысында сот жүйесінің ардагері Т.С.Баймағамбетов өз сөзінде сот саласындағы атқарған жұмысы, қазіргі таңдағы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, судья қызметінің жауапкершілігі мен міндеті туралы кеңінен әңгімеледі.
Кезегімен, Шиелі аудандық соты мен Жаңақорған аудандық соты судьялары сот жүйесінің ардагері Т.С.Баймағамбетовты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Судьялар Одағының 25 жылдығымен құттықтап, көп жылғы мінсіз еңбегі мен жас ұрпаққа қалдырған баға жетпес тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдірді.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2021 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031