Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы

Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы

Жуырда «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.
Кеңес отырысын Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бекзатхан Бауыржанұлы жүргізіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және кеңес төрағасын сайлау болса, екіншісі кеңестің және филиалдың болашақтағы жұмыс жоспары айқындалды. Осы тұрғыда филиал директоры:
– Жеке кәсібін ашып, өз ісін дербес жүргіземін деген азаматтар қашан да қолдауға, көмекке мұқтаж келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде билік пен бизнестің арасын жалғастырушы дәнекер қызметін ғана емес, кәсіпкерлерге қолдау, кеңес беру ісін де жүзеге асырып отыр, – деді Б.Бауыржанұлы.
Айта кетейік, аудандық кәсіпкерлер палатасының жанында кәсіпкерлер кеңесі бар. Ол – ауданның кәсіпкерлік ахуалын бақылап, кәсіпкерлер палатасының мәселелерін көтеретін орган. Бұл кеңестің рөлі өте маңызды. Кеңес мүшелері өз мәселелерін көтерумен қатар, билік пен бизнес арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Яғни, аудандық кеңес аудандағы жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда өңірлік палатаның филиалына жәрдемдесетін болады.
Бизнес жұмыс істесе, ол – қосымша салық, қосымша жалақы, қосымша жұмыс орны, ал жұмыс орны – әлеуметтік жағдайдың маңызды индикаторы болып саналатынын атап өтті.

«Өскен өңір» ақпарат
09 қазан 2023 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930