Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сенбі күні Шиелі кенті мен ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тұрғындар тазалық жұмыстарына белсенді түрде қатысты.
Сенбілік жұмыстарының барысымен және де кент ішінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен аудан әкімі Нұржан Ахатов танысып шықты.Тазарту шарасында әлеуметтік ғимараттардың сыртқы қоршаулары сырланып, талдар әктеу, парктер мен аллеяларды тазалау жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек,шөп-шалаң шауылып, аяқ су жүретін арықтар тазартылып, күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Жиналғандарға қоғамдық жұмыстың мән-маңызын түсіндерген аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Әмір сенбілік тазалық кепілі екенін айтты.
– Біздің денсаулық сақтау бөлімі де бір кісідей жұмылып бізге берілген аумақты түгелдей тазартып шықтық. Жалғыз сенбілік ғана емес, күнделікті тазарту жұмыстарына қатысып тұрамыз. 200- ге тарта қызметкерлер шығып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Тұрған жеріміз тап-таза болып қалса, көңіл-күйіміз жақсарады. Дәл солай көңіл-күйіміз жақсарса, денсаулығымыз жақсы болады, – деді.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Ендеше, барша ­аудан тұрғындарын туған жерімізді таза ұстауға, аялауға шақырамыз.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
26 қыркүйек 2023 ж. 260 0