Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТі

ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТі

Арман мәдениет үйінде Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күніне орай «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты тіл жанашырларын марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Е.Әпетов ашып, ұлт болашағын ойлайтын әр қазақ – тіл мәселесін өзінің отбасынан бастауы керектігін айтты.
Әр ата-ана отбасында ана тілінде сөйлеп, бала бойына ана тілін сіңіріп тәрбиелесе, өз тілінің дәмін сезіп-біліп өскен бала ешқашан тілін сатпайды дей келе, бірқатар азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Марапатталғандар қатарында, Гүлнар Дүйсебаева, Айзада Әшімқызы, Ләззат Түменбаева, Тұрғанкүл Ерімбетова Надра Нарзилдаева, Екатерина Александрова бар.
Тіл жанашырлары бас қосқан жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиал төрағасы Сағындық Сұлтан сөз сөйледі. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп, тілімізді құрметтеп, қадірлей білуге шақырды.

«Өскен өңір» ақпарат
12 қыркүйек 2023 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031