Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ШЕГІ ЖОҚ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ШЕГІ ЖОҚ


The Financial Times газеті
«Кітаптың тұжырымы ДЭФ-ның классикалық формуласына сәйкес келеді. Мәселелер барлық мүдделі тараптар «Давос рухында» жиналса, шешімі табыла бермек. Клаус Швабтың ойынша, төртінші өнеркәсіптік революцияның «адамзатты робот­тандыруға» әлеуеті жетеді. Дегенмен ол жауапты және жауапкершілікті жолда қалыптасқан болса, жаңа мәдени ренессанс пен нағыз жаһандық өрке­ниетті дамытар еді. Осы арқылы тағ­дырдың жалпы мағынасында адамзатты жаңа ұжымдық және өнегелі санасын қалыптастырып, көтереді».
The Guardian газеті
«Клаус Шваб кітабында «цифрлы технологияның шегі жоқ» деп жазады. Сонымен бірге, өзі талқылаған жаңа технологиялардың жағымды және жағымсыз тұстарын көрсетеді. Асылында жасанды интеллект өте пайдалы. Бірақ тағы бір тұсынан алып қарар болсақ, ол адамзат үшін экзистенциал қауіп тудыруы бек мүмкін».
Джейк ОКЕЧУКВУ ЭФФОДУХ, Нигерия радиосының танымал жүргізушісі, құқық қорғаушы, адвокат:
– Бұл кітап – ойлану үшін таптырмас азық. Соның ішінде адами фактордың болашағына, әл-ауқатына және адам құқығына қызығатындар үшін тіптен қа­жет. Төртінші индустриялық рево­люция «не?» және «қалай істеу керек?» түсініктерін өзгертіп қана қоймай, «біз кімбіз?» деген сауал тастайды. Яғни, біз тап болатын нормативтік ықпалдар, ұқсастықтар мен құзыреттерді де қозғайды. Өзгерістердің тереңдеп кеткені сонша, адамзат тарихын алып қарасақ, «үлкен уәде мен потенциал қауіп» бұрын-соңды болмаған.
Олег ЯНИЦКИЙ, 
философия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА әлеуметтану институтының бас ғылыми қызметкері:
– Төртінші индустриялық революция қоғамның қай саласына болсын, әсер етіп жатыр, алдағы уақытта да әсер ете бермек. Сондықтан К.Швабтың кітабының бәріне қатысы бар, жалпақ жұрт үшін жазылған. Шваб – бүгінде цифрлы технологияларды дамыту саласындағы ең білгір сарапшы. Ол бір кітапта сандық технологияларды қолдану мен дамытудың бірқатар бағыты бойынша мәліметтерді топтастыра білді. Кітаптың ауқымды библиографиясы болса, әр оқырманға өзіне қызықты сала бойынша білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
  • айқын.кз
01 мамыр 2018 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930