Клаус Шваб: Төртінші өнеркәсіптік революция
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев кезекті есеп беру барысында Сыр жастарын кітап оқуға шақырды. Себебі, бүгінгі жаңалық ертең ескіріп қалатын күнге жеттік. Күн сайын жаңарып, қарқынды түрде дамып келе жатқан заман көшінен қалыс қалмау үшін Клаус Швабтың "Төртінші өнеркәсіптік революция" кітабын оқып шықсаңыз жеткілікті деді.
ХХІ ғасырда ең әуелі ұлттық сана ашық болуы керек. Мәселен, Клаус Швабтың «4-і өнеркәсіптік революция» атты кітабында 4 түрлі интеллектті келтірген. Олар – адамның ақыл-ойы, сезімі, рух және тән. «Осылардың бәрін біріктіре келе, ХХІ ғасырдағы тұлғаға қажетті қасиеттердің бәрін айтуға болар еді», деп жазған. Дей тұрғанмен, мұның бәрі адамның тамырсыз болмауын талап етеді. Өйткені, кез келген адам және ұлт өзінің мәдениетіне, біліміне, көзқарасына сұраныс қалыптастырады және ол сұраныс басқалардікінен ерекше болған жағдайда ғана қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, әлемге ашық бола тұра, олармен иық тірестіре тұрып, тартымды болудың жалғыз жолы – ұлттық болмысты жоғалтпау екенін мәлімдеді.