Еңбегімен төрге озған
Шиелі ауданының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген Маржан Садуақасова аудандық Теміржол тораптық Әйелдер кеңесі төрайымы лауазымына тағайындалды.
Ол 1950 жылы қазанның 16-сы күні Тереңөзек ауданында дүние дидарына келген. Кіндік қаны тамған жері Тереңөзек болса да, М.Сәдуақасқызының алғашқы еңбек жолы Шиелі ауданынан басталады. 1971 жылы Қызылорда қаласындағы медучилищесін бітіргеннен кейін, жолдамамен Шиелі аудандық ауруханасына акушер-маман болып жіберіледі. Сол сәттен бастап Қарғалы қаракөл қой совхозына қарасты «Таштоп» бөлімшесінде, Ботабай ауылдық округіне қарасты Қызылқайың бөлімінде 10 жылдан астам еңбек етеді.
Ол 1950 жылы қазанның 16-сы күні Тереңөзек ауданында дүние дидарына келген. Кіндік қаны тамған жері Тереңөзек болса да, М.Сәдуақасқызының алғашқы еңбек жолы Шиелі ауданынан басталады. 1971 жылы Қызылорда қаласындағы медучилищесін бітіргеннен кейін, жолдамамен Шиелі аудандық ауруханасына акушер-маман болып жіберіледі. Сол сәттен бастап Қарғалы қаракөл қой совхозына қарасты «Таштоп» бөлімшесінде, Ботабай ауылдық округіне қарасты Қызылқайың бөлімінде 10 жылдан астам еңбек етеді.
Шыр етіп дүниеге келген шақалаққа кіндік шеше атанып, ана мен баланы қауыштырып жүрген М.Сәдуақасқызы білімін әрмен қарай толықтыруды ойға алады. «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» деген ниетпен Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы пединститутты биология пәні бойынша сырттай оқып бітіреді. Осыдан кейін Қызылқайыңдағы №151 мектепте қосымша мұғалімдік қызмет атқарады. Адам жанының арашасы ғана емес, бала болашағының жарқын болуына үлес қосқан ол екі салада да үздіктердің қатарынан көрініп, көптің алғысына бөленеді. Төккен тердің төлемі болар, аудан басшылары мен қараша халық М.Сәдуақасқызын ауылдық кеңеске депутат етіп сайлайды. Одан кейін, яғни 1980-1986 жылдары аудандық ауруханада акушерка, 1986 жылы Шиелі теміржол торабының 210 орындық балабақшасында аға аяжан болып қызмет атқарады.
Ұлттың мәселесіне келгенде де Маржан Сәдуақасова салғырттық танытпаған. Оны теміржол торабындағы «Қазақ тілі» қоғамының басшысы кезінде атқарған ісінен байқай аламыз. Ұлт тілін ұлық тұтып жүрген тіл жанашыры ауданда мектеп пен балабақшалардың қазақ тілінде ашылуына мұрындық болды. 1998 жылы аудандық денсаулық сақтау саласының жанынан құрылған «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы ретінде сайланады. Осы саланың қазақ тіліне көшуіне зор үлес қосады. Ана тілі үшін аянбай еңбек еткені үшін бедел биігінен көрініп, бірнеше мәрте Құрмет грамотасы, алғыс хатпен марапатталады. Түрлі марапат төрінен көрініп, көпке сыйлы болуы оның жемісті жұмысын айғақтайды.
Бүгінде М.Сәдуақасқызы журналистік қызметті де атқарып жүр. Сан тарау жолдан өтіп, саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған Маржан апаның ендігі серігі – қаламы. Ол – «Дара тұлға» журналының, «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры мен газетінің аудандық бөлімшесіндегі төрайымы. Өңірдегі іскер, белсенді азаматтардың есімі республикаға осы журнал арқылы таралуда. Дәрігер мен мұғалімдіктен бөлек, уақыт өте келе журналистика мамандығын да меңгерген оның қаламынан бірнеше портреттік очерк туындаған.
Медицина маржаны атанған М.Сәдуақасқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене кіріседі. Жылығанға демеу, құлағанға тіреу болу ол үшін қиын емес-ті. Керісінше, тағдырдан теперіш көріп, жанын қоярға жер таппаған жандарға қол ұшын созып, қарайласқанда жүрегі байыз табады. Қазіргі таңда жергілікті басшылардың қолдауымен тұрмысы төмен жағдайлары дағдырысқа ұшыраған отбасыларына қолдау көрсетіп, балаларын бала бақшаға тегін орналастыру, 80 жастағы үйсіз қалған қария Сырбаева Ұлболсынға заң жүзінде үйін қайтару, аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға Цесна банкпен түбітті жамылғыға (470 000 теңге) көлемінде ақша аударуға септігін тигізді. «Думан» Шиелі орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға Анар Изден жобасынан 10 ай бойы 38000 теңге ақша аударып отырды.
Жұмыспен қатар отбасында аяулы ана, үлгілі әже. Бүгінгі таңда Маржан Сәдуақасова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа әділетті Қазақстанды құру жолындағы жобаларын қолдауда. Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қоры еріктілер санының өсуіне түрлі іс-шаралар өткізіп үлесін қосуда. Және Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы директорының кеңесшісі болса, ал бір жағынан аудандық «Өскен Өңір» газетінің штаттан тыс тілшісі болып жұмыс істейді.
Айнұр ИБРАШЕВА