Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Керекті құрал-жабдықтармен қамтылған кеңесшілер, техникалық хатшылар талапкерлерге ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетеді. Құжат тапсыруға келетін талапкерлер легін қабылдауға мамандар толықтай дайын.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаев 2023-2024 оқу жылына қабылдау бойынша толықтыруларды атап өтті:

Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызметін соңғы екі жылда өткерген азаматтарды «әңгімелесу» нәтижелері бойынша ақылы негізде университетке оқуға қабылдау жүзеге асырылады. Бакалавриат білім беру бағдарламаларына ақылы негізде оқуға құжаттар қабылдау 20 маусым – 25 тамыз аралығында. Сонымен қатар, магистратура білім беру бағдарламасы бойынша кешенді тестілеу мерзімі 1 маусым – 15 шілде, өтініш қабылдау 20 шілде – 28 тамыз. Докторантура білім беру бағдарламасына кешенді тестілеу 3 шілде – 3 тамыз аралығында өтсе, құжаттар 4 тамыз – 20 тамыз аралығында қабылданады. Ал, шығармашылық дайындықты талап ететін емтихандарға өтініш қабылдау 20 маусым – 7 шілде, өткізу мерзімі 8 шілде – 15 шілде аралығы, - деді Марат Мәлікұлы.

Айта кету керек, талапкерлер оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі номерлерге  хабарласа алады: 8 7242 23-53-92, Call center 8 776 538 88 99;  Инстаграм @korkyt_ata_university, Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жексенбі (09.00-18.30), түскі үзіліс 13.00-14.00.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы 15, № 5 оқу ғимараты.
21 маусым 2023 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031