Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледжге түлектерді 25 тамыздан бастап қабылдайды

Колледжге түлектерді 25 тамыздан бастап қабылдайды

Kyzylorda-news.kz.Биыл жаңа оқу жылынан бастап талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау E-GOV және оқу орындарының «CollegeSmart Nation», «Platonus», «Е-колледж» электронды платформалары арқылы өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді
«Қазіргі таңда оқуға қабылдаудың ерекшелігі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес орташа конкурстық бал бойынша өткізілетін болады. Сондай-ақ, мамандықтар бойынша құжат қабылдау мерзімдері, орта буын 25 тамыз, жұмысшы 27 тамызға дейін. Ал шығармашылық мамандықтар 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады», – деді Ақзира Бақтыбайқызы
Педагогикалық, медициналық мамандықтарға, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін (21-28 шілде аралығында) мамандықтарға түсуші тұлғалар шығармашылық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды немесе мамандық бойынша талапкердің портфолиосын (қағаз немесе электрондық түрде) қолдану арқылы тапсырады.
Емтиханды онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, талапкерлер білім беру ұйымына шығармашылық тапсырманы орындаумен бейне жазба жібереді.
09 шілде 2020 ж. 518 0