Келер жылдан бастап ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізіледі
«2019 жылдан бастап ҰБТ тапсыру форматы сол күйі қалады. Тек тапсыру уақыты өзгереді. Ақылы негізде жоғары оқуға түу үшін ҰБТ қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айында жылына төрт рет өткізіледі, – деді Аймағамбетов.
Ал, грантқа таласу үшін талапкерлер маусым-шілде айында ҰБТ тапсырады. Одан өзге айларда ақылы бөлім үшін тапсырады. Қаңтар айының 15-20 күні аралығында тест тапсыру үшін желтоқсанның 1-15 аралығында өтініш беру керек. Тестті 11-12-сынып оқушылары тапсыра алады. Олар сынақтан сәтті өткен жағдайда ақылы негізде оқуға түседі.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, талапкердің шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаттар болса, ҰБТ-ның «шет тілі» пәнінен босатылады.
«2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша беріледі. Университетке түсу кезінде үміткерлер одан әрі оқу үшін арнайы білім бағдарлама таңдайды. Министрлік жоғары оқу орындары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының тізімін жасайды», – дейді ол.
Биылғыдай, ҰБТ сертификатымен бірге әрбір түлекке білім беру бағдарламаларының топтары, бөлінген гранттар саны, сондай-ақ өткен жылғы гранттық байқаудың нәтижелері туралы ақпараттық парақ беріледі. Бұл ақпараттық парақ өтініш берушінің болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі. Вице-министр Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында ҰБТ бойынша онлайн-тестілеу сынағы бар екенін атап өтті. Кез келген талапкер онлайн-тест арқылы білімін тексере алады.
Stan.kz