Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-дағы өзгерістер қандай?

ҰБТ-дағы өзгерістер қандай?



Оқу жылы аяқталар шақта ата-ана мен мектеп түлектерін мазалайтын сұрақтардың бірі – ҰБТ. Қалай және қашан болады? Колледж түлектері мен өткен жылы мектепті аяқтаған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады? Бүгін сол сұрақтарды жан-жақты қарастыратын боламыз: 2017 жылы ҰБТ-ның бағалау жүйесі мен олардың өткізілу шарттарына өзгерітен енген болатын. Енді түлектер • Мектепте емтихан тапсырады (орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгіні» алу үшін) • ҰБТ енді тек университетке түсу барысындағы емтихан қызметін атқарады. Оның нәтижесіне сүйене отырып, мемлекеттік грант иегері болуға үміткер бола алады. ҰБТ емтиханын қазақстандық жоғары оқу орындарына тапсыруды көздейтін түлектер ғана тапсырады. 2018 жылы ҰБТ ережесіне аса үлкен өзгерістер енбесе де, кейбір жөндетулер болғаны анық: 1. ҰБТ сертификатымен бірге талапкерге мамандықтар тізімі, оған бөлінетін грант саны және өткен жылғы қорытынды жазылған ақпарат парақшасы беріледі. Бұл талапкерге мамандық таңдауда септігін тигізеді. 2. Грант санының артуы: 11000 – техникалық салаға, 50000 – өзге салаларға. ҰБТ тапсырмастан бұрын, қос мамандық таңдар сәтте оған сәйкес келетін мамандықтарды талапкер ескеруі тиіс. 3. Егер талапкер ҰБТ-ға маңызды себептермен келе алмаған жағдайда келесі күні өзге тестілеу пунктіне барып, комиссия рұқсатымен тапсыра алады. 4. ҰБТ-ны ақылы түрде қайта тапсыруға болады. Бұл грант алуға мүмкіндік бермесе де, жоғары оқу орнына түсуіне септігін тигізеді. 5. Тест жұмысының қорын 50% жаңғыртты. Егер 2017 жылы олардың саны 80 мыңнан аса болса, 2018 жылы тест саны 120 мыңға жеткен. Оның ішінде 11% – сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары болса, 37%-ы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа ие тапсырмалар. 6. ҰБТ қорытындысына сәйкес талапкерлерге грант бөлінеді. Ал, олардың мемлекеттік не жекеменшік жоғары оқу орындарына бару-бармауын талапкер өз еркімен шешеді. Сәттілік тілейміз, жас түлек!

Massaget.kz
31 мамыр 2018 ж. 1 815 0