Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ ЖӘНЕ АТТЕСТАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕСІ: БИЫЛ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕГЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАНЫ ЖӨН?

ҰБТ ЖӘНЕ АТТЕСТАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕСІ: БИЫЛ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕГЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАНЫ ЖӨН?


Құрметті оқырмандар! Міне, мектеп пен лицейдегі оқу аяқталып, көңіл қобалжытар емтихан уақыты да келіп жетті. Біздің түлектер бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға өтінім толтырып, жоғары оқу орындарына бет түзей бастады. ҰБТ-2018 қарсаңында біз жоғары оқу орындарының іріктеу емтиханы туралы жаңарған ақпарат жайында хабардар етуді шештік.
Алдымен ескертетін бір жайт, алдыңғы жылдарда ҰБТ форматы екіге бөлінген болатын. Ал қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектер үшін міндетті түрде Қорытынды аттестация түрінде және жоғары оқу орындарына үміткерлер үшін ҰБТ түрінде өткізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ ФОРМАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Ең бастысы: 11 (12) сыныпқа арналған қорытынды аттестация форматы өзгеріссіз қалады. Алайда, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып оқушылары үшін өтетін қорытынды аттестацияның келесі формасына назар аудару керек:
1) ана тілінен және әдебиеттен (оқыту тілі) эссе түрінде жазбаша емтихан;
2) алгебра және анализ негіздері бойынша жазбаша емтихан;
Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестация форматына мынадай өзгерістер енгізілді:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан;
2) орыс тілінде оқытатын мектептерге қазақ тілі пәні бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерге орыс тілі пәні бойынша тестілеу;
3) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, әлем тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
Барлық өзгерістер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №47 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімдеріне ағымдағы бақылау жүргізудің, аралық және қорытынды аттестаттаудың типтік ережелері бұйрығына сәйкес енгізілген.
ҰБТ ФОРМАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
ҰБТ-2018 туралы білуге тиісті басты жайт – барлық пәндердің өзгеріссіз қалатыны. Оқушыларға 5 пәннен 2 блок беріледі (3 міндетті пән және таңдау бойынша 2 бейінді пән):
- Қазақстан тарихы - 20 тапсырма;
- Математикадан сауат - 20 тапсырма;
- Сауатты оқу - 20 тапсырма;
- Бейіндік пәні 1 - 30 тапсырма;
- Бейіндік пәні 2 - 30 тапсырма.
ҰБТ ҚАЙ ТІЛДЕ ӨТКІЗІЛЕДІ?
2018 жылы оқушыларға талапкердің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ҚР ЖОО-да оқу пәндерінің үш тілде: оқыту тілінде (қазақ немесе орыс), екінші тілде (орыс немесе қазақ тілінде) және ағылшын тілінде оқытылуына байланысты.
Мамандандырылған «Дарын» мектептерінде, халықаралық мектептерде және Білім инновация лицейлерінде пәндерді оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Міне, емтихан мен тестілеуге дайындалу барысында бітірушілер мен ата-аналар осы өзгерістерге баса назар аударғаны жөн.
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
07 мамыр 2018 ж. 1 721 0