Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдіктерге арналған стипендия бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Шетелдіктерге арналған стипендия бағдарламасына құжат қабылдау басталды



Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды.

Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/ веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант, оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант бөлінген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендиямен қамтамасыз етіледі.
ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының сайтында құжаттарды онлайн қабылдау 30 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар, бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады.
31 наурыз 2023 ж. 365 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930