Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 54 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛІНді

54 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛІНді



Білім беру гранттарын тағайындаудың республикалық комиссия отырысы басталды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биыл гранттар білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Яғни түлек оқу орнына қабылданар кезінде әрі қарай оқуы үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.
Вице-министр Фатима Жақыпова 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінгенін хабарлады. Ал грант алуға үмітті 64 452 түлек бар. Гранттар бөлінісінде 8276 грант педагогикалық ғылымдарға, 4088 грант жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға, 2200 грант қызмет көрсетуге, 1615 грант өнер және гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант ауыл шаруашылық ғылымдар және ветеринарияға және 2183 грант әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономика салаларына бағытталған.
Ескеретіні, мемлекеттік гранттардың 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс және ІТ-технологиялар саласына арналған.
Айта кету керек, білім беру гранты конкурсына жергілікті атқарушы органға өтініштерді қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Білім гранттарын тағайындау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

«ӨӨ» ақпарат
30 шілде 2019 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031