Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грант иелерінің тізімі анықталды

Грант иелерінің тізімі анықталды

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қа­ра­ған республикалық комис­сия өз жұмысын қоры­тын­дылап, грант иелерін анықтады. Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті хабарлады. Кеше ғана Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, мемлекеттік білім грантын ұсыну бойынша өткен комиссия отырысында "мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғандардың тізімін ертерек анықтап, БАҚ-қа 10 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз", - деген болатын.  Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда биыл республика бойынша 34165 грант бөлінген. Оның ішінде 2530 орын ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 31635 грант 1-курсқа қабылдану үшін, күндізгі бөлімге – 31135 грант, сырттай білім алуға – 500 грант. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 9 тамыз, сенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады. Грант иелері тізімін мына сілтемемен өтіп, жүктей аласыздар.

Massaget.kz
05 тамыз 2018 ж. 2 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930