Толағай тірліктер толастамақ емес
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жаңғыру бағытында бес бастама көтеріп, нақты атқарылатын маңызды мәселелерге тоқталды. Оның ішінде,Үшінші бастама – жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасы жайында. Қазақстанда үштілде оқуға толық мүмкіндік бар екендігін айта отырып, осы мақсатты жүзеге асыру үшін 20 мың грант қосымша бөлу керектігін ұсынды. Жылма жыл 54 мың грант бөлінсе, қосымша грант бөлу қолжетімді жоғары білім алуға тең мүмкіндікті қамтамасыз етері сөзсіз. 20 мың грнаттың 11 мың гранты экономикалық, индустриялық бағдарламалардың жүргізілуіне оң ықпалын тигізуі тиіс. Бұл гранттар Төртінші өндірістік Революция жағдайындағы жаңа экономикалық қатынастарды қамтамасыз ететін мыңдаған мамандарды дайындауға оң ықпал етеді. Бұл гранттардың барлығы ҰБТ қорытындысы бойынша бөлінетін болады. Ауданда аталған сала бойынша атқарылып жатқан толағай тірліктер толастамақ емес. Мәселен, 3 инновациялық мектеп ашылып, инновациялық мектептердің жалпы саны 7-ге жетті. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіш. Инновациялық мектептердің үлесі 17% болса, оқушы саны 5081 бала, барлық оқушылардың 32,4%-ы.
ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа балы - 80,53 болды. Облыстың орташа балы - 82,3. Ең жоғары 119 балды №41 орта мектеп түлегі иеленді. 63 түлек (14,6 пайызы) 100-ден жоғары балл жинады. Мемлекеттік грант саны - 236, оның ішінде «Серпін» бойынша грант саны - 24, мемлекеттік гранттар саны - 212. Арнаулы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік гранттар саны - 171, ақылы негізде арнаулы оқу орындарына қабылданғаны – 180 ді көрсетіп отыр. Сөзімізді мұнан әрі жалғайтын болсақ2017-2018 оқу жылында мектеп жасындағы 16517 оқушы 856 сынып комплектісіне тартылып, өткен оқу жылымен салыстырғанда сынып комплектісі 20-ға, оқушы саны 357-ге өсті. Ал, цифрлық білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін 66 млн. теңгеге 26 орта мектепке 5 топтамадан 130 дана интерактивті тақта, 2 негізгі мектепке 4 дана, барлығы 134 дана интерактивті тақта алу жұмыстары жүргізілуде.
2017-2018 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 148,7 млн. теңгеге, жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын 1, 2, 5, 7 сыныптардың 143408 дана оқулықтары алынды. Иә, Шиелі ауданындағы білім саласының жарқын істері осылайша өрбуде. Елбасы бастамасын қолдай отырып, міндеттелген мақсаттарды орындаймыз деп сенім білдіремін.
Болат Пернебайұлы Сейілханов.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.