Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰТО педагогтарға арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты

ҰТО педагогтарға арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты



ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы педагогтарға арналған тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы Педагогтардың білімін бағалауға (бұдан әрі – ПББ) дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Ұстаздарға ҰТО сайтында https://prob-teacher.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, тест түрін таңдап, байқау сынағына кірісу керек.
«Педагогтарға арналған ПББ-ның жаңа форматына сәйкес тестілеу екі блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма. Осыған байланысты біз байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынақтарының көмегімен педагогтар өздерінің дайындығын жақсартып, тестілеудің жаңа форматымен таныса алады», деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Сонымен қатар ПББ-ға дайындалу мақсатында ұстаздар ҰТО сайтының «Педагогтарға» бөлімінде тест тапсырмаларының спецификациясымен таныса алады. Сондай-ақ сайтта тестілеудің сұрақтары ұсынылған әдебиеттердің тізімі жарияланды.
Осылайша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі педагогтардың ПББ-ға сапалы дайындығы үшін көптеген шара қабылдап жатыр. Айта кетейік, 2023 жылғы 27 наурызда 3-22 сәуір аралығында өтетін ПББ-ға өтініштер қабылдау басталды. Тестілеуге тіркелу ҰТО-ның https://app.testcenter.kz/ сайтында онлайн жүзеге асырылады.


30 наурыз 2023 ж. 249 0