Ел қамын жеген ер басшы
Ш.Қодаманов ауылы ардагерлері кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов Шиелі аудандық атқару комитетінің төрағасы (исполком) Әзімхан Исмаил жайында сыр шертті.
Дана халқымыздың «Көп жасаған біле ме, көп көрген біле ме?» деген сөзінде үлкен мағына жатыр. Өткенге көз жүгіртіп, бастан кешкенді таразыға тартып, өткенге өнеге, тарихтан тәлім беруді ақсақалдық парыз санаймын. Осы орайда артына ұлағатты ұрпақ, өнегелі іс қалдырған іскер басшы, аудандық атқару комитетінің төрағасы (исполком) Әзімхан Исмаил жөнінде сыр шертпекпін.
Мен ағамызбен аз уақыт болса да бірге жұмыс істеп, өнегелі істерінің куәсі болдым. Бүгінде Әзекең жанымызда болғанда 100 жасын тойлаушы еді. 1984 жылдары мен Төңкеріс колхозында құрылыс прорабы болып жұмыс атқарып жүрген шақ еді. Ауылымызда балабақша жоқ болатын,осы мәселемен Тараз қаласындағы жобалау институтында 90 орындық заманға сәйкес балабақшаның смета жобасын сыздырып Әзекеңнің алдына бардым. Ол жылдары ағамыз ауданның атқару комитетінің төрағасы (исполком) болып жұмыс атқаратын.
Балабақша соғылуы керек деген бастамамды қуана қарсы алып, ризашылығын білдірді. Сол жылы 90 орындық балабақшаға аудандық қазынадан қаражат бөлдіріп, қадірлі ісімен халықтың қамын ойлап, адал қызмет ете білген нағыз ер азамат болатын. Міне, бүгінде Әзімхан ағаның қолдауымен соғылған ауылымыздағы «Ақбота» балабақшасы облыс бойынша алдыңғы қатарлы бөбектер ордасының бірі.
Әзімхан Исмаил еңбек жолында кішіпейілдігі мен қарапайымдылығын қалқан, адалдық пен сыйластықты ту етті. Соның арқасында ел ырысы еселеніп, көптеген жақсы жұмыстар атқарылды. Балабақша құрылысынан кейін 640 оқушыға арналған жаңа мектептің сметалық құжаттарын жасап, Әзекеңнің алдына тағы бардым. «Халық – Құдайды бір аты» деген, ел мақтаған азаматтың жаңа білім ордасының құрылысына деген қызығушылығы, халқына жанашырлығы көрініп-ақ тұрды. Әзекең құптағанымен, құрылыс компаниясы жөн санамады.
Себебі 640 оқушыға арналған 3 қабатты мектеп ол кезде ауыл тұрмақ, ауданда да жоқтың қасы. Сонымен қатар 3 қабатты мектепті соғуға биік кран қажет еді. Биік кран ауданымызда зәулім үйлер салынбағаннан соң табылмады. Әзекең осы істі өз қолына алып, сол уақыттарда қол жетпес құрылғыны (л) облыстан алдырды. Осылайша, біз жаңа мектептің іргетасын бастап та кеттік. Бұл ол кісінің Сыр өңіріндегі бедел-биігінен хабар беретіндей. Әзекеңнің мұндай халықшыл істері тым көп. Мұның бәрі бір мақаланың ауқымына сыймайтыны да анық.
Төңкеріс ауылындағы №158 мектеп құрылысы сәтті аяқталған соң, аталған кран арқылы ауданның көптеген елді мекендерінде бірнеше мектептің құрылысы жүрді. Білім ордаларының соғылуына, ұрпағымыздың білімді болып өсуіне жағдай жасаған Әзекеңнің ерен еңбегі тарих беттерінде менмұңдалап тұрары анық қой, шіркін! Елдік бағыттағы еңбектері жоғары бағаланған ағамыздан үлгі алып, халық қамы үшін жасаған істеріміз ұрпаққа өнеге болғай. Әзімхан Исмаил ағамыз ел мүддесін басты мақсат еткен ерлердің бірі еді. Ғұмырын халықтың игілігіне арнаған жанның өмір жолымда жолығып, бағыт-бағдар беруі мен үшін мақтаныш.