ТАЛ ЕГУ – ИГІ ІС
Қыстан қалған жердің тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, күн жылынып, көктем келген шақта айналаның барлығында тазалық жұмыстарының басталатыны белгілі. Себебі Табиғат-ананың оянып, жаңғыратын шағында осы мәселеге ден қойып, жасыл желектің көмегімен ауаны тазартып, қолайлы микроклиматты қалыптастырудың маңызы зор. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халқымыз. Ендеше, балғын мезгілдің басын көшет отырғызып, айналаны қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізуден бастауға ауданның әр тұрғыны жұмыла кірісуге тиіс.
Жер-дүние бусанып тұрған шақта санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу аудан экологиясының жақсаруына оң әсер ететіні анық. Осы мақсатта ауданның төңірегінде ашық сенбіліктер ұйымдастырылып, көшет отырғызу науқандары басталып кетті. Мәселен, «Ақмая» шаруа қожалығы Самара-Шымкент трассасының бойына жеміс ағаштарын отырғызған болса, «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі, «Шиелі-Сұңқар» филиалдары сенбіліктерге шығып, көктемгі көгалдандыру мақсатында қызу жұмыстарға кіріскен. Сондай-ақ 21-бекеттің тұрғындары мектеп пен балалар алаңының айналасына, балабақша жолдарына ағаш егу ісін қолға алып, сенбілік жұмыстарын атқарса, Шиелі Индустриалды-аграрлық колледжі аудан аумағына 300 көшет отырғызған. Айта кету керек, көктемгі абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын атқаруда Шиелі ауданы 14 учаскеге бөлінген.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әр ұжым бөлінген аумақтар мен көшелерде қарқынды жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Бұл шара ең әуелі тұрғындардың табиғатқа деген оң қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Иә, көктем мезгілі басталған соң ағаш егу жұмыстарына көңіл бөлу – адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі. Себебі жасыл желектің жердегі экологиялық жағдайға тигізетін әсері өте үлкен. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері ауаны қажет етеді. Фотосинтез барысында ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығарады. Өкпедегі газ алмасу процесін реттеп, тыныс алуды жақсартуға серпін береді. Ағаштарға жақын жерде өмір сүру физикалық және психикалық жағдайды жақсартады. Себебі олар қан қысымын төмендетіп, стрессті азайтатын қасиетке ие. Тізбектей берсек, тағысын тағы.
Сонымен қатар қасиетті дінімізде де ағаш егу сауапты іс саналады. Егер отырғызған ағаштың көлеңкесіне бір адам саяласа, ол үшін бұл іс садақа болып жазылады. Адам дүниеден өткен шағында да еккен ағашының сауабы қурап кеткенше оған келіп тұратын көрінеді. Адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты мол екенін екі дүниенің сардары болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бірнеше хадистерінен де байқауға болады: «Егер әлдебір мұсылман ағаш көшетін отырғызса немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады». Сондықтан әрбіріміз аула алдына бір түп ағаш отырғызсақ та, бұл әрекетіміз үлкен сауапқа кенелтетін, ең абзал істердің қатарынан болмақ.
Деректер бойынша, бір кәрі ағаштың 3 адамды оттегімен қамтамасыз ете алатын қауқары бар. Дегенмен, қазіргі таңда автокөліктер мен түрлі зауыттардың көптігі экологияның бұзылуына алып келетіндіктен, бұл көрсеткіш аздық етеді. Бұдан бөлек, бүгінде аудан ішіндегі немесе ауыл-аймақтардағы ағаштардың көбі кәрі ағаштар екені жасырын емес. Әрине, жыл сайын аудан мен ауылдық округтердің айналасында көшеттер отырғызылып жатыр. Бірақ оны уақытында суару, күтіп ұстау жағы әлсіреп тұр. Тіпті кейбір көшелерде аяқ судың тапшылығы әсерінен көшет егуге арнап қоршалған жерлерді арам шөптер басып үлгерген.
Мұның нәтижесі ағаштардың құрып кетуіне әкеліп жатыр. Бұл мәселенің алдын қалай аламыз?
Осы тұста шет мемлекеттерде кең қолданыс тапқан өсімдіктерді тамшылатып суару әдісі жақсы шешім бола алады. Бұл әдіс жасыл желектің тамырына суды, тыңайтқыштар мен оларды зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды біркелкі жеткізу үшін пайдаланылады. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналасады. Тамшылатып суарудың бір қасиеті – суды әрбір егілген дақылдың үстіне тамшылатып қоюында. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажетті мөлшерде, яғни барынша үнемді түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінде аталған әлемдік озық тәжірибелерді еліміздің ауыл шаруашылығына да енгізу жоспары жүзеге асырылып жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көкөніс өсіруде арықпен суару әдісі шығынға ұшырататыны, оның орнына шөлейтті аумақтарда, әсіресе тұщы су тапшылығында тамшылатып суару мол өнім алуға қолайлы екені іс жүзінде дәлелденген. Шетелдік және отандық тәжірибелер көрсеткендей, бұл еліміздің су тапшылығы бар аймақтарында шаруашылықты жандандыруға мүмкіндіктің бар екенін аңғартады. Демек, аудандағы аяқ су жетпейтін көшелерге аталған әдісті пайдалану тиімді нәтижесін берері анық. Бұл іс аумақтың экологиялық таза болуына және шығынның азаюына үлкен үлесін қосар еді.
Жақсылықтың жаршысына айналған көктем мезгілі – барлық игі іс пен қызу еңбектің бастауы. Егер осы кезеңде айналамызды жасыл желекпен толтырып қойсақ, жайқалған табиғат өз кезегінде ауданның көркіне көрік қосып қана қоймай, оттегінің де мол қорына кезіктіріп, экологияны жақсартуға септігін тигізер еді. Әлемде ағаш егу мәдениетін қалыптастыру мақсатына Халықаралық ағаш егу күнін атап өтеді екен. Осы бір дәстүрді біз де қолданысқа енгізе алсақ, нұр үстіне нұр емес пе?
Ағаш отырғызудың дінімізде пайдасы мол, сүннет амал екенін айтып өттік. Сол себепті сауабы мол іске адамдық парызбен үлес қоссақ, ауданның гүлденуіне деген перзенттік борышымызды ақтаған болар едік.
Таслима ӘЛІШЕР