Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшпелі қоғамдық қабылдау өтті!

Көшпелі қоғамдық қабылдау өтті!


Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлықтың жекелеген адамдар үшін күнделікті іске, яғни мәселелерін заңды айналып өтіп, шешу жолына айналмауын қадағалау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінде көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет, партия филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Халық» БПҰ-ның төрағасы А. Мұратбекұлы, партия филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі О. Назымханов, Шиелі аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Д. Төлеуовтердің қатысуымен өткен көшпелі қоғамдық қабылдау көмегіне бірнеше адам жүгінді. Қабылдау барысында түскен барлық сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар айтылып, жауаптар берілетін болды. Сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым түспегендерін атап өткеніміз жөн.
Нұр Отан Шиелі Ауданы Фейсбук пара0шасы
20 сәуір 2018 ж. 1 015 0