Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНІ САУ БАЛА – БОЛАШАҚ ЖЕМІСІ

ДЕНІ САУ БАЛА – БОЛАШАҚ ЖЕМІСІ

Адам үшін де, жалпы қоғам үшін де ең қымбат байлық – денсаулық. Денсаулық пен дененің қалыптасуының негізі мектепке дейінгі жаста қаланады. Осы бағытта «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақшасында денсаулық сақтау технологиялары бойынша «Денсаулық – зор байлық!» тақырыбында педагогикалық жоба басталды.
Аталған жобаның ақсаты – жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дені сау баланы тәрбиелеу, бала бойына салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. Жоба аясында тәрбиешілер педагог қызметкерлермен, ата-аналармен, топ тәрбиеленушілермен түрлі іс-шаралар өткізуде.
Мәселен Э.Сейдахметова «Біз спортшы отбасымыз» тақырыбында дені сау тұлғаны жан-жақты дамыту үшін отбасылық ­сайыс, тәрбиеші Қ.Үсенбаева «Тату отбасы – бақытты отбасы» тақырыбында көңілді тапқырлар клубын өткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, шынықтыруда «Қыс қызықтар» тақырыбында Э.Сейдахметова тәрбиеленушілермен қысқы олимпиада ойын-сауығын, тәрбиеші Ә.Дүйсенбаева балалар арасында «Алға балақай!», Г.Бекжігітова педагог қызметкерлермен «Мен спортты сүйемін» тақырыбында спорттық жарыс өткізді.
Бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін жүйелеп, оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда үлкеннен кішіге мұра болып жалғасын тапқан, халқымыздың ұлттық құндылықтарын балалардың бойына ерте жастан дамытуға бағыттауда тәрбиеші Ш.Исмайлова «Ұлттық ойындардың денсаулыққа пайдасы» тақырыбында ересек топ тәрбиеленушілерімен ұлттық ойындар өткізді.
Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығы мықты, қайратты азамат болып өсуін қалайды. «Шұғыла» санаторлық бөбекжай-бақшасындағы кез келген шара ата-аналардың қатысуымен жүзеге асады. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі бала денсаулығын нығайтып жүзеге асыруда балабақша мен отбасы бірлесіп, жоба аясындағы іс-шараларды жалғастырып келеді.

Жанар НҰртаева,
№4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақшасы меңгерушісі
06 наурыз 2023 ж. 356 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 158

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031