Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҒАШ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

АҒАШ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Күн жылып, көктем төбесін көрсете бастады. Бұл дегеніңіз қыстың қаһарынан шығып, айналаны абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталады деген сөз.
Аудан әкімдігі де тазалық, ағаш егу жұмыстарына ерекше назар аударып келеді. Осы орайда аудан басшысы өңірдегі барлық шаруа қожалықтарына өздеріне тиесілі елді мекен аумағын ­жасыл желекке айналдырып, көркейтуді қатаң тапсырған болатын.
Ағаш егуді алғашқылардың бірі болып Тұран ауылдық округінің шаруалары бастады. Кенттің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақырған тұрандықтар 200 көшет отырғызды.
– Көшетті ескі Самара-Шымкент тас жолының бойына, мал базарының жанына отырғыздық. Науқанға бас-аяғы 25 адам атсалысты, – дейді ауыл әкімі Б.Баймағамбетов.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
28 ақпан 2023 ж. 536 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031