Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Нашақорлық жұқпалы дерт секілді бірінші қызығушылық танытып, бір рет тартып қолданып, көріп соңында айықпас дертке айналады. Осы тұста жас өспірімдерге ата-налар және ұстаздар тарапынан ақ пен қараны, жақсы мен жаманды саналарына сіңдіру мақсатында көп жұмыс жасау қажет.Ата -бабаларымыз денсаулықты байлықтан жоғары қоюынан-ақ оның қадірі мен мән мағынасы қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама. Зиянды заттардан, тәрбиелік қасиеті жоқ мағынасыз есірткіні тұтынудың қажеті не. Бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу.
Қоғамның дамуы мен қатар жасөспірімдердің болашағы осы сұм дерттен аман болса, біз Жаңа Қазақстан түпкі мақсатын, өсуі мен болашағына ойланбастан нық сеніммен қадаммен басар едік деген сенімдемін, Нашақордың нысанына мойынсынбайық...
Біз жастар еліміздің болашағымыз! Елдің болашағы бұлыңғыр болмауы тиіс. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай өмірімізге балта шаппайық, жарқын болашағымызды қараңғы етпейік-деп замандастарға, аға буынға үндеу тастаймын!
Қараңғы етпе жас өмірдің аспанын,
Өмір өтер сондай қысқа қас қағым.
Қасіртке айналмасын тағдырың,
Уланбасын есірткіге жас жаның! –демекпін.
Шиелі ауданы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің
9 «Б» сынып оқушысы Үйсінбай Айшолпан
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков