Шиелі ауданының прокуроры Н.Қаратаевтың 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
2022 жылы аудан көлемінде барлығы 184 (220) қылмыс тіркелген, қылмыстың динамикасы өткен жылмен салыстырғанда 16,4 % төмендеген.
Жекелеген қылмыс түрлері өсім алды. Оның ішінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 100% (0/1), телефон ұрлығы 57% (7/11), интернет алаяқтық 20% (15/18), есірткі қылмыстары 57% (9/14) өскен.
Жекелеген қылмыс түрлері өсім алды. Оның ішінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 100% (0/1), телефон ұрлығы 57% (7/11), интернет алаяқтық 20% (15/18), есірткі қылмыстары 57% (9/14) өскен.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлығы электронды форматта тергеліп, көрсеткіші 100% құрады.
Ерекше алаңдатушылық туғызып отырғаны - алаяқтық қылмыстар.
Алаяқтар әр түрлі айла-тәсілдер ойластырып, оның ішінде төмендетілген пайызбен «несие алып беру», «ұялы телефонды қоңырау шалу үшін сұрап алу», «жер учаскесін алу беру» «жұмысқа орналастыру», «қосалқы бөлшектерді сату», «интернет саудамен заттарды жеткізіп берумен» байланысты алдау жағдайлары кеңге жайған.
Аталған қылмыстың алдын-алу шаралары жөнінде халыққа түсіндірмелер жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтер және жаднамалар назарларына ұсынылды.
Сонымен бірге бүгінгі мал ұрлығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр, қылмыстық қол сұғушылық нәтижесінде мал өсірумен айналысатын азаматтар мен шаруашылық мекемелерге орасан зор мүліктік шығын келтірілуде.
Аудан прокуратураның ұйымдастырумен мал ұрлығына қарсы іс-шараларды айқындау бағытында семинар кеңес отырыстары өткізілді.
Семинар кеңесте ұрланған малды өткізу арнасын, жануарлардан алынатын өнімдерді өткізетін, сататын ішкі сауда объектілердің егелеріне ауыл шаруашылығы жануарының сойылғандығын растайтын ветеринарлық құжаттарсыз сауда-саттық жүргізбеу жөнінде алдын ала ескерту шараларын жүргізу және сақтық шара ретінде кезектік падаларды ұйымдастыру туралы уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Нәтижесімен өткен жылы мал ұрлау деректері 20%-ға азайды.
Аудандық прокуратураның бастамасымен аудан көлеміндегі қылмысқа бейім азаматтардың тізімі жасалды.
Олардың ішінде пробациялық бақылаудағы адамдар, бұрын сотты болғандар, ішімдікке және есірткіге тәуелді адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар бар.
Бұл тізімге енгізілгендердің жүріс-тұрысы бақылауға алынып, мүдделі органдарымен аптасына екі рет аралау жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша 19 мың адамның құқықтары, оның ішінде 3 мыңға жуық адамның конституциялық құқықтары қорғалды.
Мысалы, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы, сондай-ақ патронат тәрбиешіге берілген баланы күтіп-бағуға жәрдемақы уақытылы төленбей, тек прокуратураның араласуынан кейін ғана төленіп, 70 кәмелетке толмағанның құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлердің құқықтары назардан тыс қалған жоқ. Аудан прокуратурасына бір топ жеке кәсіпкерлер хабарласып, онда көшесі бойында орналасқан «Тоқтап тұруға тыйым салу» жол белгісінің қою заңдылығын қарап, алып тастауға және жаяу жүргіншілер өткелін орнатуға ықпал жасауды сұраған.
Анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынудан кейін жол белгілері талапқа сәйкестендірілді.
Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде мемлекет пайдасына 53,7 млн.теңге өндірілді.
Мысалы, мемлекет кірісіне салық төлеушілермен салықтың төлену жағдайына мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен 2019-2021 жылға көлік құралдары салығын 1080 көліктің иелерінің 22,1 млн. теңге төлемегені анықталып, прокуратураның ұсынуы бойынша аталған сома мемлекет пайдасына толық өндірілді.
Пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлер бойынша тиісті шаралар қолдану үшін аудан әкімдігіне ұсыну енгізіліп, құны 13 800 000 теңге құрайтын 6 900 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Аудандағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп - ұстау заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен бірнеше көшелердің жол белгілерін орнатуда 3 133 381 теңгені құрайтын жұмыстардың орындалмағаны анықталды.
Осы анықталған факті бойынша прокуратурамен жинақталған құжаттардың негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ҚР ҚК 361-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелген.
Тергеп-тексеру барысында кінәлі тұлға жауаптылық тартылып, мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өндірген.
Атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау саласы бойынша да біршама жұмыстар атқарылды.
Бұл бағытта сот орындаушыларымен борышкерлерге Республика аумағынан шығуға шектеу қою, мүлкіне, есепшотына тыйым салу, мүлкін алып қою, табысынан өндіріп алу секілді мәжбүрлеу әрекеттері қолданылды.
19 қаскөй борышкерге қатысты әкімшілік істер қозғалып, сот қаулыларымен 14-і әкімшілік қамауға алынып, 5-не айыппұл түріндегі жаза қолданылды.
Қорытындылай келе, алдағы уақытта аудан прокуратурасымен қылмыстардың алдын – алу және болдырмау, ең бастысы азаматтарымыздың құқықтарының жан-жақты қорғалуы басты міндеттердің бірі
Шиелі аудандық прокуратурасы