Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі өсіру қылмысы 2 есеге артқан

Есірткі өсіру қылмысы 2 есеге артқан

Сәрсенбі күні Шиелі АПб бастығы полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Ол «есірткінің заңсыз айналымына қарсы осы жылдың 1-маусымы мен 30-қазан аралығында Рес­публика бойынша өткізіліп жатқан «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бөлім қызметкерлерімен есірткі затын егудің 12 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 14 226 түп есірткі заттары тәркіленгенін» тілге тиек етті.
Аудандағы қылмыстық ахуалды баяндаған полиция подполковнигі Д.Сүлейменұлы аудан көлемінде жалпы қылмыстың тіркелуі 10,2 процентке төмендегенін жеткізді. «Таяқтың екі ұшы болатыны» секілді бұл салаға бүкіл әлемді жайлаған пандемияның оң әсері тигені байқалады. Өйткені түнгі мезгілде орын алатын құқық бұзушылық пен бүлдіріп, сындыру сынды қылмыстардың саны азайған.
– Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпы тіркелетін қылмыстардың 50-60 процентін ұрлық қылмыстары құрайды. Біздің ауданымызда да жыл басынан тіркелген 184 қылмыстың 51,1 процентін ұрлық, 15,8 процентін есірткі және 9,8 процентін алаяқтық қылмыстары құрайды, – деді Д.Беркімбаев.
Биылғы жылдың 9 айында 94 бөтен мүлік ұрлығы, 47-сі мал, 12-сі пәтер, 5-і ұялы телефон ұрлығы бойынша тіркелген. Көрсетілген қылмыстың алдын алу бағытында есепті мерзімде жекелеген қылмыс түрлеріне байланысты 6 рет «Мал ұрлаушы», 3 рет «Пәтер», 1 реттен «Қару ұрлығы» мен «Соғым» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілген. Жалпы тіркелген қылмыстарға мониторингтік талдау жасаған Д.Сүлейменұлы қылмыстардың жылдан-жылға төмендегенін айтты. Мәселен, тіркелген қылмыстар саны 2017 жылы 11,5%, 2018 жылы 3,0%, 2019 жылы 33,3% төмендеген. Аудан көлемінде 33 жол-көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 38 азамат әр түрлі дене жарақаттарын алса, 7 азамат қайтыс болған. Көбіне жол-көлік оқиғаларына иесіз жүрген ірі қараның жол бойына шығып кетуі әсер етуде. Сол себепті қараусыз жүрген мал иелерін табу жұмыстарын да жүргізіп жатқандығы айтылды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл басынан түрлі профилактикалық бағытта «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Жалған мемлекеттік белгі», «Такси», «Жаяу жүргінші», «Жылдамдық», «Автобус», «Мас жүргізуші», «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылған.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
29 қазан 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930